1. Родников ауылдық округі әкімінің кейбір шешімдеріне келесідей өзгерістер енгізілсін:
1) Родников селолық округі әкімінің 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 1 "Родников селолық округіне қарасты елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-8-66 болып тіркелген, 2009 жылғы 7 қаңтардағы "Мәртөк тынысы" аудандық газетінде жарияланған) шешіміне:
мемлекеттік тіліндегі деректемелеріндегі, атауында және бүкіл мәтіні бойнша "селолық", "округіне қарасты", "Қаратоғай" сөздері "ауылдық", "округінің", "Родников" сөздерімен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі атауында "названий" сөзі "наименования" сөзімен ауыстырылсын;
кіріспедегі ", Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы № 45 "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономостикалық жұмыс тұжырымдамасы туралы" қаулысына" деген сөздер алынып тасталсын.
орыс тіліндегі 1 тармағы келесі редакцияда жазылсын:
"1. Бөрте ауылына М.Казкеев атты көше атауы берілсін".
мемлекеттік тіліндегі 1,2,3 тармақтарында "елді мекеніне" сөздері "ауылына" сөздерімен ауыстырылсын.
2) Родников селолық округі әкімінің 2012 жылғы 16 ақпандағы № 1 "Родников селолық округінің Родников селосының көшелеріне атау беру және өзгерту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-8-149 болып тіркелген, 2012 жылғы 12 сәуірдегі "Мәртөк тынысы" аудандық газетінде жарияланған) шешімінде:
мемлекеттік тіліндегі деректемелеріндегі, атауында және бүкіл мәтіні бойнша "селолық", "селосының", "селосындағы" сөздері тиісінше "ауылдық", "ауылының", "ауылындағы" сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Родников ауылдық округінің әкімі: | Рапнева Т.В. |