Мәртөк ауыл аймағы әкімінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Мәртөк ауылдық округінің әкімінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 1 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 12 мамырда № 4325 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына және Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына сәйкес, Мәртөк ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мәртөк ауыл аймағы әкімінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) Мәртөк селолық округі әкімінің 2009 жылғы 24 қазандағы № 4 "Мәртөк селосы көшелеріне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-8-100 болып тіркелген, 2009 жылғы 18 қарашадағы "Мәртөк тынысы" аудандық газетінде жарияланған) шешімінде:
      мемлекеттік тіліндегі шешімнің деректемелерінде, атауында және барлық мәтіні бойынша "селолық", "селосы", "ауыл аймағы", "ауыл аймағының" сөздері "ауылдық", "ауылы", "ауылдық округі", "ауылдық округінің" сөздерімен ауыстырылсын;
      мемлекеттік тіліндегі шешімнің кіріспе бөліміндегі ", Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы №45 "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасы туралы" қаулысына" деген сөздер алынып тасталсын;
      2) Мәртөк ауыл аймағы әкімінің 2011 жылғы 6 қыркүйектегі № 1 "Мәртөк ауыл аймағындағы елді мекендердегі көшелердің атауларын өзгерту және атаулар беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-8-136 болып тіркелген, 2011 жылғы 27 қазанда "Мәртөк тынысы" аудандық газетінде жарияланған) шешімінде:
      мемлекеттік тіліндегі шешімнің деректемелерінде, атауында және барлық мәтіні бойынша "ауыл аймағы", "ауыл аймағындағы", "ауыл аймағының", "ауыл аймақ" сөздері "ауылдық округі", "ауылдық округіндегі", "ауылдық округінің" сөздерімен ауыстырылсын;
      орыс тіліндегі шешімнің 1 тармағындағы "в улицу" сөздері "на улицу" сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Мәртөк ауылдық округінің әкімі И. Еспаганбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады