Мәртөк ауылы көшелеріне атау беру туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Мәртөк ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 24 қазанда N 4 шешімі. Ақтөбе облысының Мәртөк аудандық әділет басқармасында 2009 жылғы 24 қарашада N 3-8-100 тіркелді

      Ескерту. Шешімнің деректемелерінде, атауында және барлық мәтіні бойынша "селолық", "селосы", "ауыл аймағы", "ауыл аймағының" сөздері "ауылдық", "ауылы", "ауылдық округі", "ауылдық округінің" сөздерімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Мәртөк ауылдық округінің әкімінің 20.04.2015 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрлысы туралы" Заңының 14, 16 баптарының 4 тармақшасына сәйкес, ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді – Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Мәртөк ауылдық округінің әкімінің 20.04.2015 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 12.05.2017 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      Мәртөк ауылы шығыс бөліндегі екі көшегі "Астана" және "Тәуелсіздік" деген аттар қойылсын.

      1. Шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күннен өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округінің әкімі: Қ.Ш Төлепбергенов.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады