1. Жұрын ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 20 қарашадағы №14 "Жұрын ауылдық округіне қарасты Изембет бекетінің көшесіне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3-9-77 болып тіркелген, 2008 жылғы 10 желтоқсанда аудандық "Мұғалжар" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің тақырыбы келесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Жұрын ауылдық округі Изембет бекетінің көшесіне атау беру туралы";
көрсетілген шешімнің 2 және 3 тармақтары келесі жаңа редакцияда жазылсын:
"2. "Орталық" көшесіне Изембет бекетінде орналасқан барлық үйлер жатады";
"3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.".
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жұрын ауылдық округінің әкімі | Т.Абдірзақ |