"Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы" 2010 жылғы 12 ақпандағы № 179 аудандық мәслихаттың шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 245 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 03 маусымда № 4336 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2017 жылғы 17 ақпандағы № 84 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 17.02.2017 № 84 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына сәйкес Темір аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы" 2010 жылғы 12 ақпандағы № 179 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-10-123 тіркелген, 2010 жылғы 12 наурызда "Темір" газетінде жарияланған) аудандық мәслихаттың шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету қағидасында:
      мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтіні бойынша "тұрғын жай" деген сөздер "тұрғынжай" деген сөзбен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгертілмейді;
      1-тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
      "жекешелендірілген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;".
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы хатшысы
      Ж.ТӘЖІБАЕВА Н. ӨТЕПОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады