Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысының 2 тармағына сәйкес Темір аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Темір ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 145 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3757 тіркелген, 2014 жылы 31 қаңтарда "Темір" газетінде жарияланған) аудандық мәслихаттың шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Темір ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
8-тармақтың 3) тармақшасындағы "денсаулық сақтау мекемелерінің" деген сөздер "Темір орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы |
Аудандық мәслихаттың хатшысы |
Б. ҚУАНДЫҚОВ | Н. ӨТЕПОВ |