1. "Хромтау ауданының ауылдық елді мекендеріне 2015 жылы жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4280 болып тіркелген, 2015 жылдың 9 сәуірінде аудандық "Хромтау" газетінде жарияланған) аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 10 наурыздағы № 234 шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің атауы мен 1 тармағында:
"айқындау", "айқындалсын" сөздері "ұсыну", "ұсынылсын" сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың | Аудандық мәслихаттың |
сессия төрайымы | хатшысы |
Е.Юшкевич | Д.Молдашев |