"Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша регламенттеу туралы" аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 10 шілдедегі №116 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2015 жылғы 6 тамыздағы № 266 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 10 қыркүйекте № 4504 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 11 сәуірдегі № 11 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 11.04.2016 № 11 шешімімен (қабылдаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы № 2126 "Қазақстан Республикасындағы бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңының 10 бабына сәйкес және бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша регламенттеу мақсатында, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 10 шілдедегі № 116 "Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша регламенттеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3622 болып тіркелген, 2013 жылдың 8 тамызында аудандық "Хромтау" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
      мемлекеттік тіліндегі шешімнің кіріспесінде "өткізу және ұйымдастыру" сөздері "ұйымдастыру мен өткізу" сөздерімен ауыстырылсын;
      көрсетілген шешімнің 1 тармағының екінші және үшінші абзацтарындағы "Элеватор ғимаратына іргелес орналасқан алаң - Окраина көшесі 7" және "Бұрынғы Күрделі құрылыс бөлімі ғимаратына іргелес орналасқан алаң - Бекешева көшесі 1." сөздері "Жеңіс даңғылы, 8а үйі мекен-жайы бойынша орналасқан Хромтау қаласы саябағының орталық алаңы." сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихаттың Аудандық мәслихат
      сессия төрағасы хатшысы
      А.Жұбанышев Д.Молдашев

      
      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады