"Дөң" селолық округіне қарасты елді мекендерге көше атауын беру туралы" 2008 жылғы 15 желтоқсандағы № 16 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Дөң ауылдық округінің әкімінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 28 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 13 тамызда № 4462 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі № 121-V "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына сәйкес, "Дөң" ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Дөң" ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 15 желтоқсандағы № 16 "Дөң" селолық округіне қарасты елді мекендерге көше атауын беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-12-71 тіркелген, 2008 жылы 18 желтоқсанда аудандық "Хромтау" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің атауы келесі жаңа редакцияда жазылсын:
      "Дөң" ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атаулар беру туралы";
      шешімнің мемлекеттік тіліндегі деректемелерінде және мәтінінде "селолық" сөздері тиісінше "ауылдық" сөзімен ауыстырылсын;
      шешімнің кіріспе бөлігіндегі "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы № 45 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс Тұжырымдамасының 3.2. тармағына және Ақтөбе облысы әкімінің 2007 жылғы 24 шілдедегі № 255 "Мекенжай тіркеліміне тіркеу туралы тәртібі және мекенжай құрылымы жөніндегі Ереже бекіту туралы" қаулысына" сөздері алынып тасталсын;
      1, 2, 3 тармақтары біріктірілсін және келесідей жаңа редакцияда жазылсын:
      "1. "Дөң" ауылдық округінің келесі елді мекендерінің көшелеріне атаулар берілсін:
      "Дөң" ауылында – Бейбітшілік көшесі;
      "Оңғар ауылында - Б.Алдияров атындағы көше;
      - Ақжар көшесі;
      - Адыр көшесі;
      - Бұлақ көшесі.".
      4 тармақтағы "4." реттік нөмірі және "бастап" сөзі "2." санымен және "кейін" сөзімен ауыстырылып, "Әділет мекемесінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және" сөздері алынып тасталсын.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      "Дөң" ауылдық округінің әкімі Д.Турлыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады