"Дөң" ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы "Дөң" ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 15 желтоқсандағы N 16 шешімі. Ақтөбе облысының Хромтау аудандық әділет басқармасында 2008 жылдың 18 желтоқсанда N 3-12-71 тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің атауы жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Дөң ауылдық округінің әкімінің 20.07.2015 № 28 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Шешімнің деректемелерінде және мәтінінде "селолық" сөздері тиісінше "ауылдық" сөзімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Дөң ауылдық округінің әкімінің 20.07.2015 № 28 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабына сәйкес және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Дөң ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Дөң ауылдық округі әкімінің 28.11.2017 № 34 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. "Дөң" ауылдық округінің келесі елді мекендерінің көшелеріне атаулар берілсін:

      "Дөң" ауылында – Бейбітшілік көшесі;

      "Оңғар ауылында - Б.Алдияров атындағы көше;

      - Ақжар көшесі;

      - Адыр көшесі;

      - Бұлақ көшесі.

      Ескерту. 1, 2, 3 тармақтары біріктірілді және жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Дөң ауылдық округінің әкімінің 20.07.2015 № 28 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Дөң ауылдық округінің әкімінің 20.07.2015 № 28 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Дөң" ауылдық
      округі әкімі: Д.Турлыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады