Шалқар ауданының мемлекеттік жалдау үйлерінде жалдау ақысының мөлшерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 01 сәуірдегі № 99 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 12 мамырда № 4326 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 15 мамырдағы № 98 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімдігінің 15.05.2017 № 98 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабының 1 тармағына және Қазақстан Республикасы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 "Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Шалқар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

       Шалқар ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға берілетін үйлерінде үй-жайды пайдаланғаны үшін ай сайынғы жалдау ақы мөлшері 1шаршы метрге жалдау ақысының есебінен шығып, қосымшаға сәйкес белгіленсін.

       Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Шотановқа жүктелсін.

       Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Е. Данағұлов

  Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 99 қаулысына қосымша

Шалқар ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға берілген үйдегі үй жайды пайдаланғаны үшін белгіленген ай сайынғы жалдау ақы мөлшері.

      Мемлекеттік жалдау үйлерінде тұрғаны үшін алынатын жалдау ақы есебінде келесі көрсеткіштер қолданылады:

      2014 жылы салынған 1 пәтердің сметалық құны - 5600000 тг.

      Ц-2014 жылы салынған тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны - 80000 тг.

      Е-2014 жылы салынған тұрғын үйдің жалпы аумағы -70,0 ш.м.

      Т-2014 жылы салынған тұрғын үйдің есептік пайдалану мерзімі - 100 жыл

      Г - 2014 жылы салынған тұрғын үйдің 1 шаршы метрін пайдаланудың,

      күрделі және ағымдағы жөндеудің, бір жылғы шығын сомасы - 0 тг.

      Р - тұрғын үйді күтіп ұстауға қажетті төлемдер

      сомасы (айына 1 шаршы метр үшін, теңге)

      А-тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақы мөлшері

      (1 айға 1 шаршы метр үшін, теңге );

      Есептеу формуласы:

      2014 жылы салынған жалға берілетін үйлер үшін:

      Р=Г:12:Е

      Р=0:12:70=0 тг

      А=Ц:Т:12+Р

      А=80000:100 :12 +0 =66,6 тг

      1 айға 1 шаршы метрінің жалдау ақысының мөлшері – 66,6 теңге.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады