"Шалқар ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы" 2010 жылғы 20 шілдедегі № 212 аудандық мәслихаттың шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2015 жылғы 9 маусымдағы № 215 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 23 маусымда № 4378 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 мамырдағы № 112 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 22.05.2017 № 112 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастыры мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына сәйкес, Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 20 шілдедегі № 212 "Шалқар ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 3-13-138 санымен тіркелген, 2010 жылғы 8 қыркүйектегі "Шалқар" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Шалқар ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы қағидасында:

      бүкіл мәтін бойынша "тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) деген сөздер" кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2 тармақтың бірінші абзацынан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарына; "

      3 тармақтың бірінші абзацынан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар-үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің жалпы жиналысының шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ аспаптарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және салыстырып тексеруге, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндетті сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекеленген түрлерін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар;".

      2. Осы шешім оның алғаш ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді.

      Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы М. Жиенгазина
      Аудандық мәслихаттың хатшысы С. Тулемисов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады