"Алматы облысыныңмемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 30 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаментінде 2015 жылы 02 ақпанда № 3014 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылғы 11 шілдедегі № 370 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 11.07.2016 № 370 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 7) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Алматы облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. "Алматы облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Н. Сатыбалдина) "Алматы облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыруды қамтамасыз етсін және осы қаулыдан туындайтын басқа да шараларды қабылдасын.
      3. Басқарма басшысына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және облыс әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасарына М. Бигелдиевке жүктелсін.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
      Алматы облысының әкімі А. Баталов

  Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы "23" 01 № 30 қаулысымен бекітілді

"Алматы облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы"
мемлекеттік мекемесі туралы
ереже
1. Жалпы ережелер

      1. "Алматы облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Алматы облысы аумағындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алу саласындағы басқаруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. Басқарманың ведомстволары жоқ.
      3. ,Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. Басқарма егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Басқарманың орналасқан жері: индекс: 040000, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, № 38.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Алматы облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
      12. Басқарманың қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. Басқарманың миссиясы: Алматы облысы аумағында мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттiк басқару функциясын іске асыру.
      15. Міндеттері:
      1) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау;
      2) мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсауды қамтамасыз ету.
      16. Функциялары:
      1) мемлекеттік сатып алудың бірыңғай жүйесін ұйымдастыру;
      2) мемлекеттік сатып алудың конкурстық және (немесе) аукциондық құжаттамасын әзірлеу және оны бекітуге мемлекеттік органға (тапсырыс беруші) ұсыну;
      3) әлеуетті өнім жеткізушілер мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін теңдей мүмкіндік беру;
      4) отандық тауар өндірушілерге, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді берушілерге қолдау көрсету;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан, сондай-ақ лауазымды тұлғалар мен азаматтардан өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға қажетті құжаттар мен мәліметтер сұратуға және алуға;
      2) өзінің құзыреті шегінде шешімдер қабылдауға;
      3) өзінің құзыреті шегінде ұйымдар құру, қайта құру және тарату жөнінде ұсыныстар беруге;
      4) жоғары тұрған органдардың тапсырмаларын орындауға;
      5) Басқарма құзыретіне жататын облыс әкімінің, әкімдігінің құқықтық және нормативтік-құқықтық актілерінің жобаларын дайындауға;
      6) жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын басқа да атқарушы органдардың мамандарын олардың басшыларының келісімі бойынша жұмысқа тартуға;
      7) Басқарма мүдделерін барлық құзыретті, мемлекеттік, әкімшілік органдарда, мекемелерде, ұйымджарда, сондай-ақ сот және құқық қорғау органдарында білдіруге;
      8) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруға.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. Басқарма басшылығын Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Басқарманың бірінші басшысын Алматы облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарма қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
      2) Басқарма қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады және ынталандырады;
      3) өз құзыреті шегінде Басқарма қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар, нұсқаулықтар шығарады;
      4) Басқармадағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бойынша жеке жауапкершілік алады;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Басқарма мүддесін білдіреді;
      6) өз құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
      Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. Басқарма заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      22. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады