Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 118, 121-баптарына, "Магистральдық құбыр туралы" 2012 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоршаған ортаға зиян келтіруді болдырмау және "Қазақстан-Қытай" магистральдық газ құбыры "С" желісінің желілік бөлігін қауіпсіз пайдалану үшін жағдайлар жасау мақсатында меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алмай, құбыр осінің әрбір жағынан 50 метр жерден, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде құбыр осінің әрбір жағынан 25 метр жерден және (КС-6, КС-7, КС-8) компрессорлық станциялары аумақтарының шекараларынан барлық жаққа 100 метрден күзет аймағының шекарасы осы қаулының 1 және 2-қосымшаларына сәйкес белгіленсін.
2. "Қазақстан-Қытай" магистральдық газ құбыры "С" желісінің күзет аймағындағы жерді пайдалану режимі осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
3. Еңбекшіқазак, Жамбыл, Іле, Қарасай, Панфилов, Талғар және Ұйғыр аудандарының әкімдеріне халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында құрылыс нормалары мен қағидаларында белгіленген ең аз қашықтық шегінде магистральдық құбырға жатпайтын нысандарды салу үшін жер учаскелерін беруге тыйым салынсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Тынышбай Досымбекұлы Досымбековке жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшiне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А. Баталов |
Облыс әкімдігінің 2015 жылғы "27" қаңтар "Қазақстан-Қытай" магистральдық газ құбырының күзет аймағы шекарасын белгілеу және жерді пайдалану режимін айқындау туралы" № 42 қаулысына 1-қосымша |
"Қазақстан-Қытай" магистральдық газ құбыры "С" желісінің желілік бөлігінің күзет аймағына кіретін жерлердің экспликациясы
Облыс әкімдігінің 2015 жылғы "27" қаңтар "Қазақстан-Қытай" магистральдық газ құбырының күзет аймағы шекарасын белгілеу және жерді пайдалану режимін айқындау туралы" № 42 қаулысына 2-қосымша |
"Қазақстан-Қытай" магистральдық газ құбыры "С" желісінің компрессорлық станцияларының күзет аймағына кіретін жерлердің экспликациясы
Облыс әкімдігінің 2015 жылғы "27" қаңтар "Қазақстан-Қытай" магистральдық газ құбырының күзет аймағы шекарасын белгілеу және жерді пайдалану режимін айқындау туралы" № 42 қаулысына 3-қосымша |
"Қазақстан-Қытай" магистральдық газ құбырының күзет аймағындағы жерді пайдалану режимі
1. Газ құбырының күзет аймағында:1) өткелдерді, қара жолдарды және магистральдық құбыр трассасы мен оныҺ күзет аймағын өзге де уақытша немесе тұрақты көлікпен кесіп өтудің орналасу орындарын, салу, жайластыру және пайдалану тәртібін магистральдық құбырдың меншік иесімен келіспей, орнатуға;
2) бағбандыққа және орман өсіруге, сондай-ақ жер жырту тереңдігі отыз бес сантиметрден аспайтын далалық ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру үшін агротехникалық жұмыстар кешенінен басқа, магистральдық құбырдың меншік иесімен келісілмеген кез келген жұмысты орындауға;
3) магистральдық құбырдың меншік иесі не оператор жайластырған, магистральдық құбырға қызмет көрсету мен оның физикалық қорғалуын қамтамасыз етуге арналған жолдарды рекультивациялауға, сондай-ақ магистральдық құбырда өртке қарсы және күзет функцияларын орындайтын қызметкерлердің осы жолдармен қозғалысына, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, кедергі келтіруге;
4) кез келген құрылыстар мен ғимараттар салуға;
5) автомобиль көлігі құралдарының, тракторлар мен механизмдердің тұрақтарын ұйымдастыруға;
6) мелиоративтік жер жұмыстарын жүргізуге, суару және құрғату жүйелерін салуға;
7) магистральдық құбырдың меншік иесінің келісімінсіз тау-кен, құрылыс салу, монтаждау және жару жұмыстарын жүргізуге, жерді тегістеуге;
8) ұңғымалар, тікқазбалар орнатуға және топырақ сынамаларын (топырақ үлгілерінен басқа) алуға байланысты геологиялық түсіру, іздеу, геодезиялық және басқа да іздестіру жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады.