1. Қоса беріліп отырған облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау тәртібі мен шарттары бекітілсін.
2. "Алматы облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және облыс әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары М. Бигелдиевке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А. Баталов |
Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы "10" маусымдағы № 246 қаулысымен бекітілген |
Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау тәртібі мен шарттары
1. Жалпы ережелер
1. Осы сыныптау тәртібі мен шарттар "Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрленді.2. Жiктеу тәртiбi және шарттары
2. Жалпы пайдаланымдағы облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға пайдаланылатын ортақ автомобиль жолдарын сыныптау жол қозғалысының геометриялық параметрлерi мен есептiк қарқындылығына байланысты ұлттық стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады.Шаруашылық автомобиль жолдарын, елдi мекендердiң көшелерiн сыныптау жолдың көрсетiлген түрлерiне талаптарды ескере отырып, ұқсас тәртiппен жүзеге асырылады.
3. Облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолы пайдалануға қабылданғаннан кейiн отыз күн iшiнде "Алматы облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрi - облыстың мемлекеттiк уәкiлеттi органы) автомобиль жолын жалпыға ортақ автомобиль жолдарының тiзбесiне енгiзу үшiн Алматы облысының әкімдігіне (бұдан әрi – Облыс әкімдігі) ұсыныс енгiзедi.
4. Аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын пайдалануға қабылдаған күннен бастап жиырма күннiң iшiнде ауданның жергiлiктi атқарушы органы облыстың мемлекеттiк уәкiлеттi органына аудандық маңызы бар жалпыға ортақ автомобиль жолдарының тiзбесiне автомобиль жолын енгiзудi келiсуге материалдар жолдайды.
Жiберiлетiн материалдар автомобиль жолы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен пайдалануға қабылдағанын растайтын құжаттарды, автомобиль жолының атауы мен индексi туралы мәлiметтердi, сондай-ақ аудандық маңызы бар жалпыға ортақ автомобиль жолдарының тиiстi тiзбесiн қамтуы тиiс.
Облыстың мемлекеттiк уәкiлеттi органы ұсынылған құжаттарды жиырма күннiң iшiнде қарайды және жалпыға ортақ автомобиль жолдарының тiзбесiн бекіту туралы Облыс әкімдігі қаулысының жобасын әзірлейді.
Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тiзбесiне енгiзу үшiн облыстың мемлекеттiк уәкiлеттi органына келiсуге материалдар толық мәлiметтерсiз және/немесе осы тармақта көзделген құжаттарсыз ұсынылған жағдайда ауданның жергiлiктi атқарушы органы барлық кемшiлiктердi жою үшiн өтiнiштi қайтарады.
3. Автомобиль жолдарының атаулары және индекстерi
5. Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының атаулары және индекстерi болуы тиiс.Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының атауына елдi мекендердiң бастапқы және соңғы, қажет болғанда аралық мекендердің атаулары кiредi.
Автомобиль жолының индексi латын әлiпби әрiптерiнен және сандар топтарынан тұрады.
Автомобиль жолдарының индексiндегi сандар индекс әрiптерiнен кейiн дефис арқылы берiледi.
6. Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының индексi латын әлiпби әрiптерiнен және сандар топтарынан тұрады.
Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолы индексiнiң бiрiншi әрпi "К" - мен белгiленедi.
Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолы индексiнiң екінші әрпi "В" - мен белгiленедi.
Автомобиль жолдарының индексiндегi келесi әрiптерi жолдың әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiне тиесiлiгі бойынша, кестеге сәйкес белгiленедi:
"КВ" әріптерінен кейiн индекстiң келесi әрпiн меншiктеу кестесi
Автомобиль жолы екi және одан да көп әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер арқылы өткен жағдайда жалпыға ортақ автомобиль жолының тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерге тиесiлiгi бойынша индекстiң екінші әрпiнен кейiн әрiптер әлiпбилiк тәртiппен меншiктеледi.