"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 17-3) тармақшасына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі бекітілсін.
2. "Алматы облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. "Алматы облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік меке-месінің басшысына осы қаулыны әділет органдарына мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет – ресурста және облыс әкімдігінің интернет – ресурсында жариялау жүктелсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Бескемпіровке жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы облысының әкімі | А. Баталов |
Облыс әкімдігінің 2015 жылғы "10" қарашадағы № 498 қаулысымен бекітілген |