"Талдықорған қаласы Еркін ауылдық округі әкімінің аппараты" және "Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемелерінің Ережелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 2-33 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 27 ақпанда № 3084 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 27 маусымдағы № 29-420 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 27.06.2016 № 29-420 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       "Талдықорған қаласы Еркін ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
       "Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
       Ауылдық округ әкімдеріне осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурсында және қалалық әкімдіктің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
       Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы Мәрлен Қапашұлы Көлбаевқа жүктелсін.
       Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі Е. Алпысов

  Талдықорған қаласы әкімдігінің 2015 жылғы "26" қаңтар "Талдықорған қаласы Еркін ауылдық округі әкімінің аппараты" және "Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемелерінің Ережелері туралы" № 2-33 қаулысымен бекітілген 1 қосымша

"Талдықорған қаласы Еркін ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Талдықорған қаласы Еркін ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі, Талдықорған қаласы Еркін ауылдық округі әкімінің қызметiн ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Талдықорған қаласы Еркін ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Талдықорған қаласы Еркін ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Талдықорған қаласы Еркін ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Талдықорған қаласы Еркін ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Талдықорған қаласы Еркін ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Талдықорған қаласы Еркін ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Талдықорған қаласы Еркін ауылдық округі әкімінің өкімдері мен шешімдері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Талдықорған қаласы Еркін ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 040011, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Еркін ауылы, Б. Сүлеев көшесі, № 78.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Талдықорған қаласы Еркін ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Талдықорған қаласы Еркін ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Талдықорған қаласы Еркін ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Талдықорған қаласы Еркін ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен "Талдықорған қаласы Еркін ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Талдықорған қаласы Еркін ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. "Талдықорған қаласы Еркін ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Талдықорған қаласы Еркін ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Талдықорған қаласы Еркін ауылдық округі әкімінің қызметiн ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету.
       15. Міндеттері:
      1) халық санағын жүргізетін органдар ұсынатын сайлаушылардың тізімін дайындау;
      2) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
      3) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қабылдау;
      4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа да міндеттерді жүзеге асыру.
      16. Функциялары:
      бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органда әкімдердің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталатын ақшаны есепке жатқызуға арналған, жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотының ашылуын қамтамасыз етеді;
      өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;
       шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;
      тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
      табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
       қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді;
       қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;
      жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;
      жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
      шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;
      жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде қала мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;
      кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді;
      өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша басқа да функцияларды жүзеге асырады;
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан, сондай-ақ лауазымды тұлғалар мен азаматтардан өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға қажетті құжаттар мен мәліметтерді сұратуға және алуға;
      2) өзінің құзіреті шегінде шешімдер қабылдауға;
      3) жоғары тұрған органдардың тапсырмаларын орындауға;
      4) "Талдықорған қаласы Еркін ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын Талдықорған қаласы әкімінің, әкімдігінің құқықтық және нормативтік құқықтық сипаттағы актілерінің жобаларын дайындауға;
      5) "Талдықорған қаласы Еркін ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүдделерін барлық құзіретті, мемлекеттік, әкімшілік органдарда, мекемелерде, ұйымдарда, сондай-ақ сот және құқық қорғау органдарында білдіруге;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруға.

3. "Талдықорған қаласы Еркін ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі қызметін ұйымдастыру

      18. "Талдықорған қаласы Еркін ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшылықты "Талдықорған қаласы Еркін ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын әкім жүзеге асырады.
      19. Талдықорған қаласы Еркін ауылдық округінің әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады. 
      20. Әкімнің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
      21. Әкімнің өкілеттігі:
      өз құзіреті шегінде "Талдықорған қаласы Еркін ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің орындауына міндетті шешімдер, өкімдер және нұсқаулар шығарады;
      "Талдықорған қаласы Еркін ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бойынша жеке жауапкершілік алады;
      3) өз құзіреті шегінде "Талдықорған қаласы Еркін ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүдделерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда және ұйымдарда білдіруге;
      4) өз құзіретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
       Талдықорған қаласы Еркін ауылдық округінің әкімі болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Әкім өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Талдықорған қаласы Еркін ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      23. "Талдықорған қаласы Еркін ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Талдықорған қаласы Еркін ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. "Талдықорған қаласы Еркін ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Талдықорған қаласы Еркін ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Талдықорған қаласы Еркін ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Талдықорған қаласы Еркін ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  Талдықорған қаласы әкімдігінің 2015 жылғы "26" қаңтар "Талдықорған қаласы Еркін ауылдық округі әкімінің аппараты" және "Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемелерінің Ережелері туралы" № 2-33 қаулысымен бекітілген 2 қосымша

"Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

2. Жалпы ережелер

      1. "Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі, Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округі әкімінің қызметiн ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округі әкімінің өкімдері мен шешімдері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 040002, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Өтенай ауылы, Ә.Тұңғатов көшесі, №14.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен "Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. "Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округі әкімінің қызметiн ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету.
       15. Міндеттері:
      1) халық санағын жүргізетін органдар ұсынатын сайлаушылардың тізімін дайындау;
      2) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
      3) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қабылдау;
      4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа да міндеттерді жүзеге асыру.
      16. Функциялары:
      бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органда әкімдердің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталатын ақшаны есепке жатқызуға арналған, жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотының ашылуын қамтамасыз етеді;
      өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;
       шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;
      тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
      табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
       қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді;
       қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;
      жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;
      жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
      шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;
      жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде қала мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;
      кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді;
      өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша басқа да функцияларды жүзеге асырады;
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан, сондай-ақ лауазымды тұлғалар мен азаматтардан өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға қажетті құжаттар мен мәліметтерді сұратуға және алуға;
      2) өзінің құзіреті шегінде шешімдер қабылдауға;
      3) жоғары тұрған органдардың тапсырмаларын орындауға;
      4) "Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын Талдықорған қаласы әкімінің, әкімдігінің құқықтық және нормативтік құқықтық сипаттағы актілерінің жобаларын дайындауға;
      5) "Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүдделерін барлық құзіретті, мемлекеттік, әкімшілік органдарда, мекемелерде, ұйымдарда, сондай-ақ сот және құқық қорғау органдарында білдіруге;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруға.

3. "Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі қызметін ұйымдастыру

      18. "Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округі әкімінің аппараты"
      мемлекеттік мекемесі басшылықты "Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын әкім жүзеге асырады.
      19. Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округінің әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады. 
      20. Әкімнің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
      21. Әкімнің өкілеттігі:
      өз құзіреті шегінде "Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің орындауына міндетті шешімдер, өкімдер және нұсқаулар шығарады;
      "Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бойынша жеке жауапкершілік алады;
      3) өз құзіреті шегінде "Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүдделерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда және ұйымдарда білдіруге;
      4) өз құзіретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
       Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округінің әкімі болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Әкім өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      23. "Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. "Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Талдықорған қаласы Өтенай
      ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады