Талдықорған қаласы бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау бірыңғай тарифін белгілеу туралы

Жаңа

Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 8 желтоқсандағы № 705 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2017 жылы 14 желтоқсанда № 4425 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 2-тармағына және "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы 2-тармағына сәйкес, Талдықорған қалалық мәслихатының 2017 жылғы 17 қарашадағы "Талдықорған қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифін келісу туралы" № 133 шешімінің негізінде, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Талдықорған қаласы бойынша қалалық (ауылдық) қатынаста автомобильмен жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдаудың бірыңғай тарифі барлық маршруттар үшін 80 (сексен) теңге мөлшерінде белгіленсін.

      2. Талдықорған қаласы әкімдігінің "Талдықорған қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау бірыңғай тарифін белгілеу туралы" 2015 жылғы 13 наурыздағы № 6-217 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2981 тіркелген, 2015 жылғы 20 наурызында "Талдықорған" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Талдықорған қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Алматы облысы әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялауға Талдықорған қаласы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымға жолдауын;

      4) осы қаулыны Талдықорған қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында оның ресми жарияланғаннан кейін орналастыруын;

      5) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен кейін он жұмыс күні ішінде Талдықорған қаласы әкімі аппаратының заң және мемлекеттік-құқықтық бөлімшесіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Д. Жолжановқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Б. Қарасаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Талдықорған қалалық
      мәслихатының хатшысы
     
      Қ. Бұлдыбаев
     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады