Талдықорған қаласы бойынша бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2015 жылғы 27 мамырдағы № 321 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 01 шілдеде № 3251 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2018 жылғы 28 наурыздағы № 170 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 28.03.2018 № 170 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 422-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қызметін Талдықорған қаласы аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бекітілген базалық мөлшерлемелер шегінде бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Талдықорған қалалық мәслихатының 2013 жылғы 5 маусымдағы "Талдықорған қаласы бойынша бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" № 134 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2013 жылдың 17 шілдесінде № 2415 тіркелген, "Талдықорған" газетінде 2013 жылғы 26 шілдесінде № 30 (1236) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Талдықорған қалалық мәслихатының аппарат басшысы Биғожанов Тимур Қапасұлына осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қалалық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың "Экономика, қаржы мәселелері және бюджет жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс ХХХХХ
      сессияның төрағасы Ә.Алпысбаев
      Қалалық мәслихаттың хатшысы М.Бопазов

  Талдықорған қалалық мәслихатының 2015 жылғы 27 мамырдағы № 321 шешіміне қосымша

Қызметін Талдықорған қаласы аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін айына салық салу объектісінің бірлігіне бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері

Р/

Салық салу объектісінің
атауы

Бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерінің мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)

1

2

3

1.

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын
автоматы

4

2.

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

5

3.

Ойын өткізу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер

3

4.

Ойын жолы

10

5.

Карт

4

6.

Бильярд үстелі

8


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады