Талдықорған қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 19 мамырдағы "Талдықорған қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 12-471 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 18-777 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 17 қыркүйекте № 3430 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 29-420 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 27.06.2016 № 29-420 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабының 4-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі Ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Талдықорған қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 19 мамырдағы "Талдықорған қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылдың 26 маусымдағы № 3248 тіркелген, "Талдықорған" газетінде 2015 жылдың 3 шілдесінде № 29 жарияланған) № 12-471 қаулысымен бекітілген "Талдықорған қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге (бұдан әрі - Ереже) келесі өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген Ереженің 16-тармағының 17) тармақшасы алынып тасталсын.
      2. Қала әкімінің аппарат басшысы Шоқанова Гаухар Жексенбайқызына осы қаулының ресми жариялауын әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын интернет-ресурста және қала әкімдігінің интернет-ресурсында, сондай-ақ, қала әкімдігінің нормативтік құқықтық қаулыларын және қала әкімінің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялау құқығын алған мерзімді баспа басылымы "Талдықорған" газетінде жариялауын жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің аппарат басшысы Шоқанова Гаухар Жексенбайқызына жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Талдықорған қаласының әкімі Е. Алпысов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады