"Талдықорған қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 34-1253 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 25 желтоқсанда № 3637 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 29-420 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 27.06.2016 № 29-420 қаулысымен.
      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 8-тармағына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Талдықорған қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. "Талдықорған қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Мәженов Қайрат Рысханұлы заңмен белгіленген тәртіпте "Талдықорған қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін әділет органдарында қайта тіркеуді жүзеге асырсын.
      3. "Талдықорған қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Мәженов Қайрат Рысханұлына осы қаулының ресми жариялауын әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын интернет-ресурста және қала әкімдігінің интернет-ресурсында, сондай-ақ, қала әкімдігінің нормативтік құқықтық қаулыларын және қала әкімінің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялау құқығын алған мерзімді баспа басылымы "Талдықорған" газетінде жариялауын жүзеге асырсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Қайрат Найманбайұлы Бұлдыбаевқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі Б. Қарасаев

  Талдықорған қаласы әкімдігінің 2015 жылғы "30" 11 № 34-1253 қаулысымен бекітілген қосымша

"Талдықорған қаласының экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлімі" мемлекеттiк мекемесiнің Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. "Талдықорған қаласының экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлімі" мемлекеттiк мекемесi қаланың экономикалық саясатты, мемлекеттік жоспарлау жүйесін қалыптастыру және дамыту саласындағы мемлекеттiк саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
      2. "Талдықорған қаласының экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлімі" мемлекеттiк мекемесiнің ведомстволары жоқ.
      3. "Талдықорған қаласының экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлімі" мемлекеттiк мекемесi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, басқа да нормативтiк актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Талдықорған қаласының экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлімі" мемлекеттiк мекемесi мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Талдықорған қаласының экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлімі" мемлекеттiк мекемесi азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      6. "Талдықорған қаласының экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлімі" мемлекеттiк мекемесi егер заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Талдықорған қаласының экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлімі" мемлекеттiк мекемесi өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен "Талдықорған қаласының экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлімі" мемлекеттiк мекемесi басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
      8. "Талдықорған қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның мекен-жайы: 040000, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Абай көшесі, № 256 үй.
      10. Мемлекеттік органның толық аталуы - "Талдықорған қаласының экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлімі" мемлекеттiк мекемесi.
      11. Осы Ереже "Талдықорған қаласының экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлімі" мемлекеттiк мекемесiнің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Талдықорған қаласының экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлімі" мемлекеттiк мекемесiнің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
      13. "Талдықорған қаласының экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлімі" мемлекеттiк мекемеге кәсiпкерлiк субъектiлерiмен "Талдықорған қаласының экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлімі" мемлекеттiк мекемесiнің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Талдықорған қаласының экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлімі" мемлекеттiк мекемесiне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

      14. "Талдықорған қаласының экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлімі" мемлекеттiк мекемесiнің миссиясы: Талдықорған қаласы аумағында стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласындағы мемлекеттiк басқару функциясын іске асыру.
      15. Мiндеттерi:
      1) қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттарын, басымдықтарын және негізгі бағыттарын қалыптастыру;
      2) әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарымен өзара қарым-қатынаста бюджеттік және инвестициялық саясатты іске асыру;
      3) өңірлік дамыту саласындағы саясатты жүзеге асыру.
      16. Функциялары:
      1) қала аумағын дамыту бағдарламасын және оның жүзеге асырылуы бойынша іс-шаралар жоспарын бойынша әзірлеу, түзету, мониторинг жүргізу;
      2) қала аумағын дамыту бағдарламасын және оның жүзеге асырылуы бойынша іс-шаралар жоспарын келісу;
      3) құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік, салалық бағдарламаларды және мемлекеттік жоспарлау жүйесінің басқа да құжаттарын жүзеге асыру, мониторинг жүргізу;
      4) қаланың әлеуметтік-экономикалық даму серпіні мен деңгейіне талдау жүргізу;
      5) жергілікті бюджетке түсетін табыс көздерінің көлемін қаланың табыс көздері кесіндісінде болжау;
      6) қалалық бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің жүзеге асырылуына ұсынылатын мемлекеттік инвестициялық жобалар бойынша инвестициялық ұсыныстарға және заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттік қатысуы арқылы жүзеге асыру жоспарланатын бюджеттік инвестицияларға экономикалық қорытынды қарастыру және қалыптастыру;
      7) есептік қаржы жылындағы бюджеттің орындалуын талдау нәтижелерін және мемлекеттік органның бюджет қаражаттарын басқару қызметінің тиімділігін бағалауды ескерумен, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін және бюджеттік бағдарламалары жобаларын қарастыру және олар бойынша қорытындылар қалыптастыру;
      8) бюджеттік инвестициялық жобаларды, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттік қатысуы арқылы жүзеге асыру жоспарланатын бюджеттік инвестицияларды қарастыру және таңдау;
      9) облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамды көрсеткіштері, бюджет қаражаттарын жұмсаудың басым бағыттары, бюджеттің жоспарлы кезеңге арналған тапшылығы көлемі негізінде жаңа бастамаларға арналған бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шығындары лимиттерін, жергілікті бюджет лимиттерін анықтау;
      10) ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
      11) қаланың, қаланың құрамына кіретін елді мекендердің, сондай-ақ экономика секторларының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштеріне мониторинг және талдау жүргізуге;
      12) қала әкіміне, қала әкімінің орынбасарына, қала әкімдігінің жиналысына, отырысына өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы материалдар дайындауға және ұсынуға;
      13) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа өзге де фунцияларды жүзеге асыру.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан, сондай-ақ лауазымды тұлғалар мен азаматтардан өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға қажетті құжаттар мен мәліметтер сұратуға және алуға;
      2) өзінің құзыреті шегінде ұйымдар құру, қайта құру және тарату жөнінде ұсыныстар беруге;
      3) жоғары тұрған органдардың тапсырмаларын орындауға;      
      4) "Талдықорған қаласының экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлімі" мемлекеттiк мекемесiнің құзыретіне жататын қала әкімінің, әкімдігінің, қалалық мәслихаттың құқықтық және нормативтік-құқықтық актілерінің жобаларын дайындауға;
      5) "Талдықорған қаласының экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлімі" мемлекеттiк мекемесiнің мүдделерін барлық құзыретті, мемлекеттік, әкімшілік органдарда, мекемелерде, ұйымдарда, сондай-ақ сот және құқық қорғау органдарында білдіруге;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруға.

3. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру

      18. "Талдықорған қаласының экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлімі" мемлекеттiк мекемесiнің басшылығын "Талдықорған қаласының экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлімі" мемлекеттiк мекемесiне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Талдықорған қаласының экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлімі" мемлекеттiк мекемесiнің бірінші басшысын қала әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Талдықорған қаласының экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлімі" мемлекеттiк мекемесiнің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
      21. "Талдықорған қаласының экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлімі" мемлекеттiк мекемесiнің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Талдықорған қаласының экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлімі" мемлекеттiк мекемесiнің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
      2) "Талдықорған қаласының экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлімі" мемлекеттiк мекемесiнің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады және ынталандырады;
      3) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;
      4) "Талдықорған қаласының экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлімі" мемлекеттiк мекемесiнің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бойынша жеке жауапкершілік алады;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда "Талдықорған қаласының экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлімі" мемлекеттiк мекемесiнің мүддесін білдіреді;
      6) "Талдықорған қаласының экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлімі" мемлекеттiк мекемесiнің мүлігін, қаржылық қаражатын басқару, банктік мекемелердегі шотарды ашу және жабу, олар бойынша қаржылық операцияларды жасау, қаржылық құжаттарға қол қою, қаржылық және есептік тәртіптің болуын қамтамасыз ету;
      7) өз құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
      "Талдықорған қаласының экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлімі" мемлекеттiк мекемесiнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оның орынбасары орындайды.
      22. Бірінші басшы өз орынбасарының өкiлеттiгін қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамаға сәйкес анықтайды.
      23. "Талдықорған қаласының экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлімі" мемлекеттiк мекемесi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымына тағайындалатын және лауазымнан босатылатын басшымен басқарылады.

4. Мемлекеттiк органның мүлкi

      24. "Талдықорған қаласының экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлімі" мемлекеттiк мекемесi заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.
      "Талдықорған қаласының экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлімі" мемлекеттiк мекемесiнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      25. "Талдықорған қаласының экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлімі" мемлекеттiк мекемесiне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
      26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Талдықорған қаласының экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлімі" мемлекеттiк мекемесi өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату

      27. "Талдықорған қаласының экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлімі" мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады