Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар беру және Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Текелі қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 45 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 01 сәуірде № 3120 болып тіркелді. Текелі қаласының әкімшілігі. Күші жойылды - Алматы облысы Текелі қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 90 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Текелі қаласы әкімдігінің 27.04.2015 № 90 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Констититуциялық заңының 28-бабының 4 және 6 - тармақтарына сәйкес Текелі қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй – жайлар осы қаулының 1 - қосымшасына сәйкес берілсін.
      Текелі қалалық сайлау комиссиясымен (Жандос Мұхамедқалиұлы Тұрысбеков келісім бойынша) бірлесіп Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар осы қаулының 2 - қосымшасына сәйкес белгіленсін.
      "Текелі қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын-үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Джалил Шамилович Нигматулин) Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандырылсын.
      Осы қаулының орындалуын бақылау Текелі қаласы әкімінің орынбасары Болат Далабайұлы Белдібековке жүктелсін.
      Текелі қаласы әкімінің аппарат басшысы Бақытжан Запирұлы Менисовке осы қаулының ресми жариялануын әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын интернет - ресурста және қала әкімдігінің интернет-ресурста, сондай-ақ, қала әкімдігінің нормативтік құқықтық қаулыларын және қала әкімінің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялау құқығын алған мерзімді баспа басылымы "Текелі тынысы" газетінде жүзеге асырсын.
      Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Текелі қаласының әкімі Т. Қайнарбеков

  Текелі қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 27 наурыздағы "Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар беру және Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" № 45 қаулысына 1 қосымша

Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар

Үй-жайлар

Мекен-жайы
 

1.

"Текелі қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 4 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы

Текелі қаласы,
Әбілхан Қастеев көшесі, № 8

2.

"Казцинк-ТЭК" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің акт залы

Текелі қаласы,
Дінмұхамед Қонаев көшесі, № 176

3.

"Текелі қаласы әкімінің Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының акт залы

Текелі қаласы,
Тәуелсіздік көшесі,
№ 11

4.

"Текелі қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 8 орта мектеп мектепке дейін шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы

Текелі қаласы,
Жеңіс көшесі, № 10

5.

"Текелі қаласы әкімінің Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны "Металлург" клубының акт залы

Текелі қаласы,
Қаныш Сәтпаев көшесі, № 10

  Текелі қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 27 наурыздағы "Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар беру және Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" № 45 қаулысына 2 қосымша

Кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Орын

Мекен жай

Текелі қаласы бойынша



№ 4 орта мектеп ғимаратының жанындағы стенд

Әбілхан Қастеев көшесі, № 8


Мәдениет үйі ғимаратының жанындағы стенд

Тәуелсіздік көшесі,
№ 11


Қалалық базар жанындағы стенд

Мұхтар Әуезов көшесі,
№ 33


Спорт сарайы ғимаратының жанындағы стенд

Қаныш Сәтпаев көшесі, № 44
 

Рудничный ауылдық округі бойынша



Пошта байланысы бөлімшесінің жанындағы стенд

Бейбітшілік көшесі,
№ 55


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады