РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі Ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Ақсу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Ақсу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
"Ақсу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Жандосова Гульнара Жандосовнаға осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет - ресурста және аудан әкімдігінің интернет - ресурсында жариялау жүктелсін.
Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Сабырбаев Амандос Ақышұлына жүктелсін.
Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің | |
міндетін атқарушы | С. Қорғанбаев |
Ақсу ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі "Ақсу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 118 қаулысымен бекітілген қосымша |
"Ақсу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Ақсу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі, экономикалық саясатты, мемлекеттік жоспарлау жүйесін қалыптастыру, дамыту және ауданды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Ақсу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. "Ақсу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Ақсу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Ақсу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Ақсу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Ақсу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Ақсу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Ақсу су ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 040100, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылы, Желтоқсан көшесі, № 5.
10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Ақсу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже "Ақсу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Ақсу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. "Ақсу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Ақсу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Ақсу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. "Ақсу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. "Ақсу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: экономикалық саясатты, мемлекеттік жоспарлау жүйесін қалыптастыру және дамыту және ауданды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер.15. Міндеттері:
1) ауданды дамыту бағдарламасын әзірлеу;
2) ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу;
3) ауданның бюджетін облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып жоспарлы кезеңге әзірлеу.
16. Функциялары:
1) ауданды дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын дайындау;
2) ауданды дамыту бағдарламасын мониторингін жүргізу;
3) ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамын дайындау және нақтылау;
4) жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып болжау;
5) аудан бюджетін бекіту және нақтылау жобаларын дайындап, ауданның бюджет комиссиясының қарауына жіберу;
6) аудандық бюджет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру туралы аудан әкімдігінің қаулысының жобасын дайындау;
7) бюджеттік өтінімдерді, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалар жобаларын қарау;
8) ауданның бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдері мен бюджеттік бағдарламалар жобаларын қарау нәтижелері бойынша қорытындыларын бюджет комиссиясының қарауына жіберу және қалыптастыру;
9) мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін бюджеттік кредиттер беруді және мамандардың әлеуметтік көмек көрсетуі жөніндегі шараларды іске асыру;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасымен "Ақсу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелетін өзге де функцияларды жүзеге асыру.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардан қажетті ақпараттар мен құжаттарды алу және сұрату;
2) жергілікті атқарушы органдардың өкілдерін, сондай-ақ тәуелсіз сарапшыларды меншіктің аумақтық мониторингі затына жататын нысандардың мониторингін және талдау ақпараттарын тікелей зерттеуде сараптама және кеңес беру үшін тарту;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде басқа да құқықтарды және міндеттерді жүзеге асыру.
3. "Ақсу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
18. "Ақсу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.19. "Ақсу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. "Ақсу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.
21. "Ақсу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) "Ақсу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің міндеттері мен өкiлеттiктерiн өз құзыреті шегінде анықтайды;
2) "Ақсу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;
3) "Ақсу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін заңнамада белгіленген тәртіппен ынталандырады және тәртіптік жазалар қолданады;
4) өз құзыреті шегінде "Ақсу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері, "Ақсу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдары орындауға міндетті бұйрықтар, нұсқаулықтар шығарады;
5) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда өз құзыреті шегінде "Ақсу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
"Ақсу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. "Ақсу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі
22. "Ақсу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін."Ақсу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. "Ақсу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесіне, бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ақсу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. "Ақсу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
25. "Ақсу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады."Ақсу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағында ұйымдар мен ведомстволар жоқ.