"Ақсу ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Ақсу ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 11 тамыздағы № 305 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 16 қыркүйекте № 3426 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Ақсу ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 22 маусымдағы № 297 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ақсу ауданы әкімдігінің 22.06.2016 № 297 қаулысымен.
      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Ақсу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Ақсу ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. "Ақсу ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Досмухамбетов Асхат Сейденұлына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Сабырбаев Амандос Ақышұлына жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Ә. Далбагаев

  Ақсу ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 11 тамыздағы № 305 қаулысымен бекітілген қосымша

"Ақсу ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Ақсу ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) білім саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. Бөлімнің ведомстволары жоқ.
      3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. Бөлімнің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. Бөлім құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 040100, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылы, Желтоқсан көшесі, № 5 А.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Ақсу ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. Бөлімнің қызметiн қаржыландыру республикалық және жергiлiктi бюджеттерден жүзеге асырылады.
      13. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлім функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Бөлімге заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. Бөлімнің миссиясы: білім беру саласында мемлекеттік саясатты іске асыру.
      15. Міндеттері:
      1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
      2) педагог қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін арттыруды қамтамасыз ету;
      3) мүмкіндігі шектеулі балалардың сапалы білім алуына арнайы жағдайлар жасау;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
      16. Функциялары:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді ұсынуды қамтамасыз ету;
      2) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастыру;
      3) мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, оларды орта білім алғанға дейін оқытуды ұйымдастыру;
      4) мемлекеттік білім беру ұйымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құру, қайта ұйымдастыру және тарату бойынша ұсыныс енгізу;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асыру;
      6) мектепалды даярлықтың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуды және жеткізуді ұйымдастыру;
      7) аудандық әдістемелік кабинеттердің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз ету;
      8) балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз ету;
      9) аудан ауқымында жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар конкурстарын ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету;
      10) мемлекеттік білім беру мекемелерінің білім алушылары мен
      тәрбиеленушілеріне қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсау;
      11) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
      12) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекеленген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастыру;
      13) білім беру ұйымдарында оқу бітірген адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу;
      14) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына және отбасыларына қажетті әдістемелік және консультациялық көмек көрсету;
      15) білім беру мониторингін жүзеге асыру;
      16) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім беру ұйымдарының білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруін және солармен қамтамасыз етілуін ұйымдастыру;
      17) мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуін жүзеге асыру;
      18) білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің әдістемелік басшылығын қамтамасыз ету;
      19) негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру;
      20) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан әкімінің және аудандық мәслихаттың қарауына ұсыныстар енгізу;
      2) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметіне қажетті ақпаратты сұрату және алу;
      3) жедел басқару құқығындағы мүліктерді пайдалануды жүзеге асыру;
      4) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамада белгілеген тәртіппен қарау;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде басқа да құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші
      басшы жүзеге асырады.
      19. Бөлімнің бірінші басшысын Ақсу ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. Бөлімнің бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.
      21. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) Бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкiлеттiктерiн өз құзыреті шегінде айқындайды;
      2) Бөлімнің қызметкерлерін, Бөлімнің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің директорларын қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;
      3) Бөлімнің қызметкерлерін, Бөлімнің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің директорларын заңнамада белгіленген тәртіппен ынталандырады және тәртіптік жазалар қолданады;
      4) өз құзыреті шегінде Бөлімнің қызметкерлері, Бөлімнің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің директорлары орындауға міндетті бұйрықтар, нұсқаулықтар шығарады;
      5) Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді, сол үшін жеке жауапкершілік алуды белгілейді;
      6) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда өз құзыреті шегінде Бөлімнің мүддесін білдіреді;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды. 

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Бөлімнің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі:

      1) Ақсу ауданының білім бөлімі "Қаныш Имантайұлы Сәтбаев атындағы орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      2) Ақсу ауданының білім бөлімі "Жүрімбек Сыдықов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      3) Ақсу ауданының білім бөлімі "Есмұрат Сиқымов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      4) Ақсу ауданының білім бөлімі "Мамания орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Өнім бастауыш мектебін қосқанда;
      5) Ақсу ауданының білім бөлімі "Барлыбек Сырттанов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қызылжар бастауыш мектебін қосқанда;
      6) Ақсу ауданының білім бөлімі "Ғали Орманов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      7) Ақсу ауданының білім бөлімі "Жансүгіров атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      8) "Матай орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" мемлекеттік мекемесі;
      9) Ақсу ауданының білім бөлімі "Төлеген Тоқтаров атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      10) Ақсу ауданының білім бөлімі "Кеңжыра орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      11) Ақсу ауданы білім бөлімі "Бижарас Садырбайұлы атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      12) Ақсу ауданының білім бөлімі "Жаңатілеу орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      13) Ақсу ауданының білім бөлімі "Қуат Терібаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      14) Ақсу ауданының білім бөлімі "Абай атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Шолақөзек бастауыш мектебін қосқанда;
      15) Ақсу ауданы білім бөлімі "Ш. Уалиханов атындағы негізгі орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      16) Ақсу ауданының білім бөлімі "Қаракемер орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      17) Ақсу ауданының білім бөлімі "Ілияс Жансүгіров атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      18) Ақсу ауданының білім бөлімі "Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      19) Ақсу ауданының білім бөлімі "Нұрсұлтан Есеболатов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" ГЭС, Қызылқайын бастауыш мектептерін қосқанда коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      20) "Ақсу ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Кұдаш Мұқашев атындағы негізгі орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      21) Ақсу ауданының білім бөлімінің "Юрий Гагарин атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Баласаз, Ақтөбе бастауыш мектептерін қосқанда;
      22) Ақсу ауданының білім бөлімі "Есболған Жайсанбаев атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      23) Ақсу ауданының білім бөлімі "Көшкентал орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      24) Ақсу ауданының білім бөлімі "Егінсу орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      25) Ақсу ауданының білім бөлімі "Алажиде негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      26) Ақсу ауданының білім бөлімі "Қарашілік орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      27) Ақсу ауданының білім бөлімі "Мәншүк Мәметова атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      28) Ақсу ауданының білім бөлімі "Мұхтар Әуезов атындағы негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      29) алып тасталды – Алматы облысы Ақсу ауданы әкімдігінің 18.02.2016 № 4 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      30) Ақсу ауданының білім бөлімі "Кенғарын орталау мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      31) Ақсу ауданының білім бөлімі "Көлтабан орталау мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      32) Ақсу ауданының білім бөлімі "Тарас орталау мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      33) Ақсу ауданының білім бөлімі "Қызылағаш орталау мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      34) Ақсу ауданының білім бөлімі "Қарасу орталау мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      35) Ақсу ауданының білім бөлімі "Сағакүрес орталау мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      36) Ақсу ауданы әкімдігінің "Сағабүйен балалар саз мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      37) Исатай Исабаев атындағы Ақсу ауданы әкімдігінің "Өнер мектебі" мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      38) Ақсу ауданы әкімдігінің "Қарлығаш балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      39) Ақсу ауданы әкімдігінің "Бөбек балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      40) Ақсу ауданы әкімдігінің "Ай-Жұлдыз балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      41) Ақсу ауданы әкімдігінің "Кәусар балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      42) Ақсу ауданы әкімдігінің "Нұршуақ балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      43) Ақсу ауданы әкімдігінің "Таң-Шолпаным балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      44) Ақсу ауданы әкімдігінің "Күншуақ балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
      Ескерту. 25 тармаққа өзгерістер енгізілді – Алматы облысы Ақсу ауданы әкімдігінің 18.02.2016 № 4 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады