Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы

Жаңа

Алматы облысы Ақсу ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 30 қыркүйектегі № 434 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 04 қарашада № 3525 болып тіркелді

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 97-бабының 1-тармағына, "Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 Қазақстан Республикасы Құрылыс және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының бұйрығына сәйкес, Ақсу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының №1 және № 2 қосымшаларына сәйкес Ақсу ауданының Жансүгіров ауылында мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері белгіленсін.
      2. "Ақсу ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Кәкімбаев Нұрқуат Демесінұлына осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін. 
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Базарханов Есім Сейілханұлына жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Ә. Далбағаев

  Қосымша №1 Ақсу ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 30 қыркүйектегі Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы №434 қаулысына қосымша

Ақсу ауданы Жансүгіров ауылы Е.Маманұлы көшесіндегі №12, №13, №14, №18, №19, №30, №31 кірпіштен салынған жеті жалдамалы тұрғын үйлердің бір шаршы метр үшін төлем ақы мөлшері:

      Кондоминиум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін алынатын төлемақының мөлшерін есептеу кезінде мынандай көрсеткіштер қолданылды:
      А – кондоминиум обектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлем ақы мөлшері (айына бір шаршы метр үшін, тенге);
      Ц – тұрғын үйдің жалпы көлемінің бір шаршы метрін салудың (сатып алудың) құны (теңге);
      Т – ғимараттың қызмет көрсету есептік мерзімі, жыл;
      Р – пайдалануға, тұрғын үйдің ағымдағы және күрделі жөнделуіне, сондай – ақ жеручаскесін күтуіне қажетті төлемнің сомасы (айына бір шаршы метр үшін теңге).
      Тұрғын үйдің жалпы көлемінің бір шаршы метірін салудың (сатып алудың) құны (Ц) ғимараттың құрылысына арналған жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес немесе ғимаратты мемлекеттік сатып алу қортындылары бойынша анықталады.
      Ғимараттың қызмет көрсету есептік мерзімі (Т) "Тұрғын және қоғамдық ғимараттарды қайта жаңарту, күрделі және ағымдық жөндеу" КР 1.04-26-2004 ҚН құрылыс нормаларына сәйкес анықталады.
      Кондоминиум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін алынатын төлем ақының мөлшері мынандай формула бойынша есептеледі:
      А = Ц/Т/12+Р
      Ц = 4 842 857 теңге / 68,2 (техникалық төлқұжаттың деректеріне сәйкес үйдің жалпы көлемі) 71 010,0 тұрғын үйдің жалпы көлемінің бір шаршы метірін салудың құны (теңге)
      Т = 100 жыл;
      Р = 0 теңге.
      А = 71 010,0 : 100 :12 + 0 = 59,1 теңге бір шаршы метр үшін айына.

  Қосымша № 2 Ақсу ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 30 қыркүйектегі Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы №434 қаулысына қосымша

Ақсу ауданы Жансүгіров ауылы Жидебаев көшесіндегі №43а, №43б кірпіштен салынған екі жалдамалы тұрғын үйлердің бір шаршы метр үшін төлем ақы мөлшері:

      Кондоминиум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін алынатын төлемақының мөлшерін есептеу кезінде мынандай көрсеткіштер қолданылды:
      А – кондоминиум обектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлем ақы мөлшері (айына бір шаршы метр үшін, тенге);
      Ц – тұрғын үйдің жалпы көлемінің бір шаршы метрін салудың (сатып алудың) құны (теңге);
      Т – ғимараттың қызмет көрсету есептік мерзімі, жыл;
      Р – пайдалануға, тұрғын үйдің ағымдағы және күрделі жөнделуіне, сондай – ақ жеручаскесін күтуіне қажетті төлемнің сомасы (айына бір шаршы метр үшін теңге).
      Тұрғын үйдің жалпы көлемінің бір шаршы метірін салудың (сатып алудың) құны (Ц) ғимараттың құрылысына арналған жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес немесе ғимаратты мемлекеттік сатып алу қортындылары бойынша анықталады.
      Ғимараттың қызмет көрсету есептік мерзімі (Т) "Тұрғын және қоғамдық ғимараттарды қайта жаңарту, күрделі және ағымдық жөндеу" КР 1.04-26-2004 ҚН құрылыс нормаларына сәйкес анықталады.
      Кондоминиум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін алынатын төлем ақының мөлшері мынандай формула бойынша есептеледі:
      А = Ц/Т/12+Р
      Ц = 9 757 000,0 теңге / 76,4 (техникалық төлқұжаттың деректеріне сәйкес үйдің жалпы көлемі) 127 709,4 тұрғын үйдің жалпы көлемінің бір шаршы метірін салудың құны (теңге)
      Т = 100 жыл;
      Р = 0 теңге.
      А = 127 709,4 : 100 :12 + 0 = 106,42 теңге бір шаршы метр үшін айына.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады