"Қарасай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Қарасай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 қазандағы № 10-937 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 27 қарашада № 3589 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Қарасай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 07 қарашадағы № 11-1685 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Алматы облысы Қарасай ауданы әкімдігінің 07.11.2016 № 11-1685 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы №..410...Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Қарасай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қарасай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. "Қарасай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Назарбаева Айжан Нұрділдақызына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Тынышбай Нұрлан Төленұлына жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А.Дәуренбаев

  Қарасай ауданы әкімдігінің "27" қазандағы № 10-937 қаулысымен бекітілген қосымша

"Қарасай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі

1.Жалпы ережелер

      1. "Қарасай ауданының білім бөлімі" (бұдан әрі Бөлім) мемлекеттік мекемесі білім саласында басшылықты жүзеге асыратын ҚазақстанРеспубликасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. Бөлім мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. Бөлім ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. Бөлім азаматтық – құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. Бөлімнің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық – құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. Бөлім өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. Бөлім құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері. Индексі: 040900, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, Төле би көшесі № 7.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы- "Қарасай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже Бөлім құрылтай құжаты болып табылады.
      12. Бөлім қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.
      13. Бөлім кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлім функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Бөлімнің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14.Бөлімнің миссиясы: білім беру мемлекеттік саясатты іске асыру.
      15.Міндеттері:
      1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
      2) педагог қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін арттыруды қамтамасыз ету;
      3) мүмкіндігі шектеулі балалардың сапалы білім алуына арнайы жағдайлар жасау;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндеттерді жүзеге асыру;
      16. Функциялары:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді ұсынуды қамтамасыз ету;
      2) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастыру;
      3) мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, оларды орта білім алғанға дейін оқытуды ұйымдастыру;
      4) мемлекеттік білім беру ұйымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құру, қайта ұйымдастыру және тарату бойынша ұсыныс енгізу;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік білім беру ұйымдарының материалдық – техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асыру;
      6) мектеп алды даярлықтың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқулықтар мен оқу – әдістемелік кешендерді сатып алуды және жеткізуді ұйымдастыру;
      7) аудандық әдістемелік кабинеттердің материалдық–техникалық базасын қамтамасыз ету;
      8) балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз ету;
      9) аудан ауқамында жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар конкурстарын ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету;
      10) мемлекеттік білім беру мекемелерінің білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсау;
      11) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
      12) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекеленген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастыру;
      13) білім беру ұйымдарында оқу бітірген адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу;
      14) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына және отбасыларына қажетті әдістемелік және консультациялық көмек көрсету;
      15) білім беру мониторингін жүзеге асыру;
      16) Қазақстан Республикасының заңнамасына...сәйкес білім беру ұйымдарының білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланклеріне тапсырыс беруін және солармен қамтамасыз етілуін ұйымдастыру;
      17) мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуін жүзеге асыру:
      18) білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің әдістемелік басшылығын қамтамасыз ету;
      19) негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру;
      20) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
      17. Құқықтары...мен...міндеттері:
      1) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметіне қажетті ақпаратты сұрату және алу;
      2) өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды...жүзеге...асыру;
      3) Бөлімнің құзыретіне жататын аудан әкімінің, әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын дайындау;
      4).Бөлімнің мүдделерін барлық құзыретті, мемлекеттік, әкімшілік органдарда, мекемелерде, ұйымдарда, сондай-ақ сот және құқық қорғау органдарында...білдіру;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде басқа да құқықтарды және міндеттерді жүзеге асыру.

3. Бөлім қызметін ұйымдастыру

      18. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы...жүзеге...асырады.
      19. Бөлімнің бірінші басшысын Қарасай ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. Бөлімнің бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.
      21. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) Бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкiлеттiктерiн өз құзыреті шегінде анықтайды;
      2) Бөлімнің қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;
      3) Бөлімнің қызметкерлерін заңнамада белгіленген тәртіппен ынталандырады және тәртіптік жазалар қолданады;
      4) өз құзыреті шегінде Бөлімнің қызметкерлері, Бөлімнің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің директорлары орындауға міндетті бұйрықтар, нұсқаулықтар шығарады;
      5) Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді, сол үшін жеке жауапкершілік алуды белгілейді;
      6) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда өз құзыреті шегінде Бөлімнің мүддесін білдіреді;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      8) Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Бөлім мүлкі

      22. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату

      25. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Бөлімнің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі:
      1. "Қарасай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      2. "Қарасай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "В.Г.Белинский атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      3. "Қарасай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "А.С.Пушкин атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      4. "Қарасай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Алмалыбақ ауылындағы орта мектеп-гимназия мектепке дейінгі шағын орталықпен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      5. "Қарасай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "К.Әзірбаев атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі. 6. "Қарасай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "М.Ғабдуллин атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      7. "Қарасай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Н.Әлімқұлов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      8. "Қарасай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Л.Н.Толстой атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      9. "Қарасай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "1 Май орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      10. "Қарасай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қ.Сәтбаев атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      11. "Қарасай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Абай ауылындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      12. "Қарасай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "М.Бейсебаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      13. "Қарасай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "О.Жандосов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      14. "Қарасай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      15. "Қарасай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "М.Маметова атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      16. "Қарасай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қарасай батыр атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      17. "Қарасай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Енбекші ауылындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      18. "Қарасай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "С.Керімбеков атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      19. "Қарасай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қайнар орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталықпен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      20. "Қарасай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жамбыл атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      21. "Қарасай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "М.Әуезов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      22. "Қарасай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Байжанов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      23. "Қарасай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жаңатұрмыс ауылындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      24. "Қарасай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Көкөзек ауылындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      25. "Қарасай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Б.Қосынов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
       26. "Қарасай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "М.В.Ломоносов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
       27. "Қарасай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Н.К.Крупская атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      28. "Қарасай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "А.С.Макаренко атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      29. "Қарасай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ә.Байсалбаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      30. "Қарасай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ушинский атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      31. "Қарасай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Үшқоңыр ауылындағы орта мектеп-гимназия мектепке дейінгі шағын орталықпен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      32. "Қарасай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Шамалған станциясындағы қазақ орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталықпен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      33. "Қарасай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ж.Бәрібаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      34. "Қарасай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Абай атындағы орта мектеп-гимназиясы мектепке дейінгі шағын орталықпен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      35. "Қарасай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Бұлақты ауылындағы бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      36. "Қарасай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Үшқоңыр ауылындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      37. "Қарасай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қырғауылды ауылындағы қазақ орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталықпен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      38. "Қарасай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Алтын ауыл орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      39. "Қарасай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Үшқоңыр қазақ орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталықпен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      40. "Қарасай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Шамалған бекетіндегі жаңа қазақ орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      41. "Қарасай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Б.Тамабаев" атындағы орта мектебі коммуналдық       мемлекеттік мекемесі.
      42. "Қарасай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жармұхамбет орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.       
      43. "Исаев" бастауыш мектебі.
      44. "Долан" бастауыш мектебі.
      45. "Үштерек" бастауыш мектебі.
      46. "Қарасай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Сандуғаш" балабақшасы" Қарасай ауданы әкімдігіне қарасты коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны.
      47. "Қарасай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қаскелең қаласындағы "Ерке-Нұр" балабақшасы" Қарасай ауданы әкімдігіне қарасты" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын.
      48. "Қарасай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Брусничка" балабақшасы" Қарасай ауданы әкімдігіне қарасты" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны.
      49. "Қарасай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Береке ауылындағы "Еркемай" балабақшасы" Қарасай ауданы әкімдігіне қарасты" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын.
      50. "Қарасай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Райымбек ауылындағы "Нұр-Ай" балабақшасы" Қарасай ауданы әкімдігіне қарасты" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын.
       51. "Қарасай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Бекболат ауылындағы "Балауса "балабақшасы" Қарасай ауданы әкімдігіне қарасты" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын.
       52. "Қарасай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қаскелең қаласындағы "Айгөлек" балабақшасы" Қарасай ауданы әкімдігіне қарасты" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын.
      53. "Қарасай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Бота" балалар бақшасы" Қарасай ауданы әкімдігіне қарасты коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын.
      54."Қарасай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қаскелең қаласы "Алтын ауыл" ықшамауданындағы "Жанерке" балабақшасы" Қарасай ауданы әкімдігіне қарасты" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпоры.
      55. "Қарасай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қарасай ауданы әкімдігінің "Жамбыл ауылындағы Мектепаралық оқу-өндірістік комбинаты" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын.
      56. "Қарасай ауданының әкімдігіне қарасты "Қарасай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің № 1 балалар музыкалық мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады