Қарасай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 қазандағы "Қарасай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 10-937 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы Қарасай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 7 қарашадағы № 11-1685 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2016 жылы 2 желтоқсанда № 4023 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Қарасай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қарасай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 қазандағы "Қарасай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 10-937 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылдың 27 қарашасында № 3589 тіркелген, "Заман жаршысы" газетінде 2015 жылдың 9 қазанында № 42 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. "Қарасай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы Такимова Гульнара Тұрсынбековнаға осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Әмірғалиев Мадияр Орынтаевичке жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі М. Бигельдиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады