Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қарасай ауданы әкімдігінің 13.04.2020 № 153 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Қарасай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қарасай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Қарасай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Омар Насымханұлы Жұматаевқа осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Мақсұт Рамазанұлы Жапаровқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Дәуренбаев |
Қарасай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы "12" қарашадағы "Қарасай ауданының жер қатынастар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 11-959 қаулысымен бекітілген қосымша |
"Қарасай ауданының жер қатынастары бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже
1. Жалпы ережелер
"Қарасай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Қарасай ауданының аумағындажер қатынастары саласындағы қызметтерді орындалудың өкілетті мемлекеттік органы болып табылады.
"Қарасай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
"Қарасай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қарасай ауданы әкімдігінің атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді және қызметін өзіне жүктелген функциялары мен өкілдігі шегінде ұйымдастырады.
"Қарасай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
"Қарасай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
"Қарасай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
"Қарасай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлкеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атын азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
"Қарасай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Қарасай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қарасай ауданының аумағында жер қатынастары саласындағы қызметтерді орындаудың өкілетті мемлекеттік органы болып табылады, мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілер мен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
"Қарасай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қарасай ауданының аумағында жер қатынастары саласындағы қызметтерді орындалудың өкілетті мемлекеттік органы болып табылады" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санына лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, индексі 040900, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, Наурызбай батыр көшесі, №31.
Мемлекеттік органы толық атауы - "Қарасай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
Осы ереже "Қарасай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
"Қарасай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
"Қарасай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілері мен "Қарасай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функцияралы болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға тыйым салынады.
"Қарасай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілер мен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджет кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функцияларын құқықтары мен міндеттері
15. "Қарасай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: негізгі міндеттері саясат жүргізу және жер қатынастарын реттеу болып табылады.
16. Міндеттері:
1) жер учаскесiне меншiк құқығы мен жер пайдалану құқығы туындауының, өзгертiлуi мен тоқтатылуының негiздерiн, шарттары мен шектерiн, жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен мiндеттерiн жүзеге асыру тәртiбiн белгiлеу;
2) жердi ұтымды пайдалану мен қорғауды, топырақ құнарлылығын ұдайы қалпына келтiрiп отыруды, табиғи ортаны сақтау мен жақсартуды қамтамасыз ету мақсатында жер қатынастарын реттеу;
3) шаруашылық жүргiзудiң барлық нысандарын тең құқықпен дамыту үшiн жағдайлар жасау;
4) жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттiң жерге құқықтарын қорғау;
5) жылжымайтын мүлiк рыногын жасау мен дамыту;
6) жер қатынастары саласында заңдылықты нығайту.
17. Функциялары:
1) аудан әкімдігінің жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен қаулылардың жобаларын дайындау;
2) аудан әкімдігінің іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;
3) жерді резервке қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;
4) жерді аймақтарға бөлу жобаларын, жерді ұтымды пайдалану жөніндегі жобалары мен схемаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
5) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
6) аудан бойынша жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;
7) ауданының жер балансын жасау;
8) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын беру;
9) жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
10) иесі жоқ жер учаскелерін анықтау және оларды есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
11) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде ұсыныстар дайындау;
12) жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
13) мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;
14) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
15) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын, аудандық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;
16) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу;
17) пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерді анықтау;
18) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
18. Құқықтары мен мiндеттерi:
1) бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелерді шешу бойынша аудан әкімінің және аудандық мәслихаттың қарауына ұсыныстар енгізу;
2) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметіне қажетті ақпаратты заңнамада белгіленген тәртіппен сұрату және алу;
3) оперативті басқару құқығымен қарасты мүліктерді пайдалануды жүзеге асыру;
4) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы және сапалы қарау;
5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
19. "Қарасай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Қарасай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
20. "Қарасай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан әкімі облыстың жер қатынастары басқармасының ұсынысы бойынша қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
21. "Қарасай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) бөлім қызметін ұйымдастырып, басқарады және өзіне жүктелген міндеттерді орындауға жауапкершілікте болады;
2) "Қарасай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесініңқызметкерлері арасында функцоналдық міндеттері мен өкілдігін бөлуді жүзеге асырады;
3) "Қарасай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне, заңда белгіленген тәртіппен көтермелеу және тәртіптік шараларын қолданады;
4) "Қарасай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері міндетті түрде орындайтын бұйрықтарды шығарады,қызметтік құжаттамаларға қол қояды;
5) өзінің құзыры шетінде бөлімінің құрылымдық бөлімшелері туралы Ережені бекітеді;
6) заңдылықтарға сәйкес мемлекеттік органдарға және басқа ұйымдардын алдында бөлімінің мүддесін қорғайды;
7) заңдылықтарға сәйкес өзге де өкілдіктерді жүзеге асырады.
"Қарасай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекетті мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктер қолдыныстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
22. "Қарасай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
"Қарасай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызмет нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. "Қарасай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қарасай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органының Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
25. "Қарасай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
26. "Қарасай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.