Қарасай аудандық әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы

Жаңа

Алматы облысы Қарасай ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 13 сәуірдегі № 153 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2020 жылы 15 сәуірде № 5480 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Қарасай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарасай аудандық әкімдігінің мынадай қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      1) "Қарасай ауданының Елтай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" 2015 жылғы 25 тамыздағы № 8-686 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3468 тіркелген, 2015 жылдың 21 қазанында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      2) "Қарасай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" 2015 жылғы 12 қарашадағы № 11-959 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3608 тіркелген, 2016 жылдың 08 қаңтарында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау "Қарасай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы А.Әуесбайға жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарасай ауданының әкімі Ж. Далабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады