Алатау ауылдық округіндегі Қызыл-Қайрат, Алмалық, Алтын-Дән, Амангелді, Байбұлақ, Береке ауылдарындағы жаңа көшелерге атау беру және Рысқұлов ауылындағы Лазо көшесін, Шымбұлақ ауылындағы Подгорная көшесін қайта атау туралы

Жаңа

Алматы облысы Талғар ауданы Алатау ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 1 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 20 наурызда № 3106 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және Алатау ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып, Алматы облыстық ономастика комиссиясының қортындысы негізінде Талғар ауданы Алатау ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Алатау ауылдық округіндегі Шымбұлақ ауылының "Подгорная" көшесі "Хаирғали Абдығалиев" көшесі болып қайта аталсын.
      2. Алатау ауылдық округіндегі Рысқұлов ауылының "Лазо" көшесі "Алпыспай Қуанышев" көшесі болып қайта аталсын.
      3. Алатау ауылдық округінің Қызыл-Қайрат ауылының жаңа көшелеріне келесі атаулар берілсін:
      1) Қызыл-Қайрат ауылының оңтүстік-шығысында орналасқан бірінші көшеге "Райымбек батыр", екінші көшеге "Әйтеке би", үшінші көшеге "Ілияс Жансүгіров", төртінші көшеге "Әл-Фараби", бесінші көшеге "Қаныш Сәтбаев";
      2) Қызыл-Қайрат ауылының солтүстік-батысында орналасқан бірінші көшеге "Қарасай батыр", екінші көшеге "Қазыбек би", үшінші көшеге "Әлихан Бөкейханов", төртінші көшеге "Ахмет Байтұрсынов", бесінші көшеге "Астана", алтыншы көшеге "Алматы".
      4. Алатау ауылдық округінің Алмалық ауылының жаңа көшелеріне келесі атаулар берілсін:
      1) Алмалық ауылының солтүстік-шығысында орналасқан бірінші көшеге "Астана", екінші көшеге "Иса Байзақов", үшінші көшеге "Ахмет Байтұрсынов", төртінші көшеге "Бауыржан Момышұлы";
      2) Алмалық ауылының оңтүстік-батысында орналасқан бірінші көшеге "Батыр Баян", екінші көшеге "Сұлтан Бейбарыс", үшінші көшеге "Бөгенбай батыр", төртінші көшеге "Бұхар жырау", бесінші көшеге "Болашақ".
      5. Алатау ауылдық округінің Алтын-Дән ауылының жаңа көшелеріне келесі атаулар берілсін:
      1) Алтын-Дән ауылының солтүстік-батысында орналасқан бірінші көшеге "Достық", екінші көшеге "Алатау", үшінші көшеге "Егемен".
      6. Алатау ауылдық округінің Амангелді ауылының жаңа көшелеріне келесі атаулар берілсін:
      1) Амангелді ауылының солтүстік-шығысында орналасқан бірінші көшеге "Мұхтар Әуезов", екінші көшеге "Қасым Аманжолов", үшінші көшеге "Дінмұхамед Қонаев", төртінші көшеге "Нұрғиса Тілендиев", бесінші көшеге "Жамбыл", алтыншы көшеге "Шәмші Қалдаяқов";
      2) Амангелді ауылының оңтүстік-шығысында орналасқан бірінші көшеге "Ыбырай Алтынсарин", екінші көшеге "Әлихан Бөкейханов", үшінші көшеге "Әйтеке би", төртінші көшеге "Құрманғазы", бесінші көшеге "Ақан сері", алтыншы көшеге "Тұрар Рысқұлов", жетінші көшеге "Ілияс Жансүгіров", сегізінші көшеге "Абылай хан".
      7. Алатау ауылдық округінің Байбұлақ ауылының жаңа көшелеріне келесі атаулар берілсін:
      1) Байбұлақ ауылының солтүстік-батысында орналасқан бірінші көшеге "Айша бибі", екінші көшеге "Ақан сері", үшінші көшеге "Алтынемел", төртінші көшеге "Жастар", бесінші көшеге "Қасым Аманжолов";
      2) Байбұлақ ауылының оңтүстік-шығысында орналасқан бірінші көшеге "Тәуелсіздік".
      8. Алатау ауылдық округінің Береке ауылының жаңа көшелеріне келесі атаулар берілсін:
      1) Береке ауылының солтүстік-батысында орналасқан бірінші көшеге "Абылай хан", екінші көшеге "Тәуке хан", үшінші көшеге "Сағынбек Отарбаев".
      9. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      10. Алатау ауылдық округі әкімінің орынбасары Манабаев Асқар Жақыпбекұлына осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      11. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Алатау ауылдық округінің әкімі К. Смагулов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады