Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 13 шілдедегі № 18-04/647 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 539 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 21 тамызда № 11925 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 18-04/1126 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 808 бірлескен бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.12.2015 № 18-04/1126 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.12.2015 № 808 бірлескен бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағы 2) тармақшасына, 13-бабының 3-тармағына және 15-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийі;
      2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тексеру парағының нысаны бекітілсін.
      2. Осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің кейбір бірлескен бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
      5. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының        Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі        Ұлттық экономика министрі
      ______________ А. Мамытбеков     _______________ Е. Досаев

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасы
      Бас прокуратурасының
      Құқықтық статистика және
      арнайы есепке алу жөніндегі
      комитетінің төрағасы
      ____________ С. Айтпаева
      2015 жылғы "__"___________

Қазақстан Республикасы   
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушының    
2015 жылғы 13 шілдедегі  
№ 18-04/647 және     
Қазақстан Республикасы  
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 20 шілдедегі 
№ 539 бірлескен бұйрығына
1-қосымша       

Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану
саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері

      1. Осы Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі - Критерийлер) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және бақылау субъектілерінің тiкелей қызметiмен, салалық даму ерекшелiктерiмен және осы дамуға әсер ететiн факторлармен байланысты, бақылау субъектілерін әртүрлі тәуекел дәрежелеріне жатқызуға мүмкiндiк беретiн сандық және сапалық көрсеткiштердiң жиынтығы болып табылады.
      2. Осы Критерийлерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) бақылау субъектілері – жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында қызметін жүзеге асыратын субъектілер;
      2) тәуекел – салдарларының ауырлық дәрежесі ескеріле отырып, тексеру субъектілері қызметінің нәтижесінде жануарлар дүниесіне зиян келтіру, аңшылық шаруашылығы мен балық шаруашылығы су айдындарындағы (учаскелеріндегі) экологиялық жағдайдың нашарлауы және биологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы ықтималдығы;
      3) тәуекел дәрежесін бағалау – бақылау және қадағалау органы тексеріс белгілеу мақсатында жүргізетін іс-шаралар кешені.
      3. Критерийлер:
      1) бақылау субъектілері жүзеге асыратын қызмет түріне байланысты айқындалатын - объективті;
      2) тексерулер нәтижелері бойынша анықталған, бақылау субъектілері жол берген жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнаманы бұзушылықтарға байланысты айқындалатын - субъективті болып бөлінеді.
      4. Бақылау субъектілері тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті критерийлерін ескере отырып, мынадай тәуекел дәрежелеріне жатқызылады:
      1) тәуекелдің жоғары дәрежесі – аңшылық шаруашылығы мен кәсіпшілік балық аулау және ауыл шаруашылығының, өнеркәсіптің және энергетиканың мұқтажы үшін су жинаумен, ғылыми-зерттеушілік аулаумен айналысатын субъектілер;
      2) тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылмаған – вольерде және жартылай ерікті жағдайда, жануарлар объектісін өсірумен айналысатын субъектілер, сондай-ақ азаматтарды аңшылыққа минимумға оқытумен айналысатын ұйымдар, зоологиялық коллекциялардың иелері, хайуанаттар бақтары, биологиялық орталықтар, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды ұйымдастырумен, табиғи су айдындарында акваөсірумен айналысатын субъектілер.
      Тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылған тексерілетін субъектілерге қатысты іріктеп тексерулер, жоспардан тыс тексерулер және бақылаудың басқа нысандары жүргізіледі.
      Тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылмаған тексерілетін субъектілерге қатысты жоспардан тыс тексерулер және бақылаудың басқа нысандары жүргізіледі.
      5. Субъективті критерийлер мына көздерден алынған ақпаратты талдау нәтижелері негізінде айқындалады:
      1) бақылау субъектілерінің осының алдындағы тексерулерін талдау нәтижелері;
      2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық инспекцияларына бақылау субъектілері беретін есептілік мониторингінің нәтижелері;
      3) бақылау субъектілеріне жеке немесе заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан түскен расталған арыз-шағымдар мен өтініштердің болуы және олардың саны;
      4) қызметі нәтижелерінде жануарлар дүниесіне зиян келтіру, аңшылық шаруашылығы, балық шаруашылығы су айдындарында (учаскелерінде) биологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы түрінде байқалған бақылау субъектілерінің кінәсінен туындаған, тіркелген қолайсыз оқиғалардың болуы.
      6. Субъективті критерийлер бақылау субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау және оларды тәуекелдің жоғары тобына жатқызылатыны немесе жатқызылмайтыны бойынша бөлу төмендегі көрсеткіштер бойынша жүзеге асырылады:

Критерийлер

Бұзушылық дәрежесі

1

Тексеру субъектісімен аңшылқ шаруашылығын жүргізу Шартында көрсетілген міндеттемелерін орындау

Өрескел

2

Тексеру субъектісінде аумақтық уәкілетті органымен келісілген аңшылық шаруашылығын жүргізу Жоспарының болуы және оның орындалуы

Өрескел

3

Кәсіпшілік аңшылықты жүргізу кезінде аңшылық шаруашылығы ұйымымен жасасқан Шарттың болуы

Өрескел

4

Тексеру субъектісінде ауланған жануарларды есепке алу журналының Аң аулау Қағидасының 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша (кәсіпшілік аңшылықты жүргізуге) болуы

Өрескел

5

Зоологиялық коллекциялар жинау жануарлар дүниесi объектiлерiн аулау, оларды жинау, сатып алу, айырбастау, сыйға тарту, Қазақстан Республикасының заң актілерімен тыйым салынбаған басқа да тәсiлдермен алу арқылы жүргiзiлу тәртібін сақтау

Елеулі

6

Жоғалып кету қаупі төніп тұрған жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда жасау туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсаттардың болуы

Елеулі

7

Бақылау субъектісінің жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын сақтауы

Елеулі

8

Аншлагтардың болуы


9

Жануарларды интродукциялауға, реинтродукциялауға және будандастыруға рұқсаттың болуы

Елеулі

10

Жануарлар дүниесi объектiлерiн белгiленген лимиттен асырып және жануарлар дүниесiн пайдалануға берiлген рұқсаттарда көрсетiлген мерзiмдерден тыс, сондай-ақ тыныштық аймақтарында аулау

Өрескел

11

Балық ресурстарына әсерiн тигiзетiн немесе тигiзуi мүмкiн шаруашылық және өзге де қызметтiң мемлекеттiк экологиялық сараптамасының болуы

Өрескел

12

Балық шаруашылығын жүргізу Жоспарын бақылау субъектісінің орындауы

Елеулі

13

Тексерілетін субъектінің балық шаруашылығын жүргізу және балық аулау Шартында көрсетілген міндеттемелер мен тармақтарды орындау

Елеулі

14

«Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен тіркелген және тіркеу нөмірлері көрсетілген жүзу құралдары

Елеулі

15

Балықтың қайда ауланғаны туралы анықтаманың болуы

Елеулі

16

Балық қыстайтын шұңқырлардың, уылдырық шашатын жерлердiң, балық шаруашылығы учаскелерiнiң және балық аулауға тыйым салынған жерлердiң шекараларын белгiлейтiн бағандардың, қалқыма тану белгілерiн жоюға жол бермеу

Елеусіз

      7. Тәуекел дәрежесін бағалау критерийлеріне сәйкес реттеуші мемлекеттік орган 0-ден 100-ге дейінгі шкала бойынша субъективті критерийлердің тәуекел дәрежесінің көрсеткіші есептелінеді.
      Өрескел дәрежелі бұзушылықтың біреуі 100 көрсеткіші болып есептелінеді.
      Егерде өрескел дәрежелі критерийлердің бұзушылықтары анықталмаса тәуекел дәрежесінің көрсеткішін анықтау үшін елеулі және болмашы бұзушылықтары бойынша тәуекел дәрежелерінің көрсеткіштері есептеліп, қосындысы анықталады.
      Елеулі дәрежелі бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін анықтау барысында 0,7 коэффиценті қолданылады және келесі формула бойынша есептеледі:

      Рз = (К2 х 100/К1) х 0,7

      Бұнда:
      Рз – елеулі дәрежелі критерийлерін бұзу бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші;
      К1 – тексеру субъектісіне (объектісіне) қойылатын (талдау бойынша анықталған) елеулі дәрежелі бұзушылықтардың жалпы саны;
      К2 – бұзылған елеулі дәрежелі бұзушылықтардың саны.
      Болмашы дәрежелі бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін анықтау барысында 0,3 коэффиценті қолданылады және келесі формула бойынша есептеледі:

      Рн = (К4 х 100/К3) х 0,3

      Бұнда:
      Рн – болмашы дәрежелі критерийлерін бұзу бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші;
      К3 – тексеру субъектісіне (объектісіне) қойылатын (талдау бойынша анықталған) болмашы дәрежелі бұзушылықтардың жалпы саны;
      К4 – бұзылған болмашы дәрежелі бұзушылықтардың саны.
      Тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (Р) елеулі және болмашы дәрежелі бұзушылықтар бойынша көрсеткіштердің қосындысы арқылы келесі формула бойынша есептеледі:

      Р = Рз + Рн

      Бұнда:
      Р – тәуекел дәрежесінің көрсеткіші;
      Рз – елеулі дәрежелі критерийлерін бұзу бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші;
      Рн – болмашы дәрежелі критерийлерін бұзу бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші.
      8. Бақылау субъектісі тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша келесідей бөлінеді:
      1) жоғары тәуекел дәрежесіне жататындар – көрсеткіші 60-тан 100-ге дейін болған жағдайда, оған қатысты таңдаулы тексеру жүргізіледі;
      2) жоғары тәуекел дәрежесіне жатпайтындар – көрсеткіш 0-ден 60-қа дейін болған жағдайда, оған қатысты іріктеп тексеру жүргізілмейді.
      9. Іріктеп тексерулер тізімдері мынаны ескере отырып жасалады:
      1) субъективті критерийлер бойынша тәуекел дәрежесінің ең көп көрсеткіштері бар бақылау субъектілерінің басымдылығы;
      2) бір мемлекеттік инспекторға жүктеме.
      10. Іріктеп тексеруді жүргізу еселігі жылына бір реттен жиі болмайды.
      11. Іріктеп тексерулер жүргізілетін талдау мен бағалаудың нәтижелері бойынша жарты жылға жасалатын іріктеп тексерулердің тізімдері негізінде жүргізіледі, бұл тізімдер тиісті есептік кезең басталғанға дейін он бес күнтізбелік күннен кешіктірмей құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға жіберіледі.

Қазақстан Республикасы   
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушының    
2015 жылғы 13 шілдедегі  
№ 18-04/647 және     
Қазақстан Республикасы  
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 20 шілдедегі 
№ 539 бірлескен бұйрығына
2-қосымша       

Нысан

Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану
саласындағы мемлекеттік бақылау аясындағы тексеру парағы

_________________________________________________________ саласындағы
(тексерілетін субъектілердің (объектілердің) біртекті тобының аталуы)

Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган_____________________________
_____________________________________________________________________
Тексеру тағайындау туралы акт________________________________________
                                              (№, күні)
Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы__________________________
_____________________________________________________________________
Тексерілетін субъектінің (объектінің) (ЖСН), БСН ____________________
_____________________________________________________________________
Орналасу орнының мекенжайы___________________________________________

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

6

1

Тексеру субъектісімен аңшылқ шаруашылығын жүргізу Шартында көрсетілген міндеттемелерін орындау





2

Тексеру субъектісінде аумақтық уәкілетті органымен келісілген аңшылық шаруашылығын жүргізу Жоспарының болуы және оның орындалуы





3

Кәсіпшілік аңшылықты жүргізу кезінде аңшылық шаруашылығы ұйымымен жасасқан Шарттың болуы





4

Тексеру субъектісінде ауланған жануарларды есепке алу журналының Аң аулау Қағидасының 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша (кәсіпшілік аңшылықты жүргізуге) болуы





5

Зоологиялық коллекциялар жинау жануарлар дүниесi объектiлерiн аулау, оларды жинау, сатып алу, айырбастау, сыйға тарту, Қазақстан Республикасының заң актілерімен тыйым салынбаған басқа да тәсiлдермен алу арқылы жүргiзiлу тәртібін сақтау





6

Жоғалып кету қаупі төніп тұрған жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда жасау туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсаттардың болуы





7

Бақылау субъектісінің жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын сақтауы





8

Аншлагтардың болуы





9

Жануарларды интродукциялауға, реинтродукциялауға және будандастыруға рұқсаттың болуы





10

Жануарлар дүниесi объектiлерiн белгiленген лимиттен асырып және жануарлар дүниесiн пайдалануға берiлген рұқсаттарда көрсетiлген мерзiмдерден тыс, сондай-ақ тыныштық аймақтарында аулау





11

Балық ресурстарына әсерiн тигiзетiн немесе тигiзуi мүмкiн шаруашылық және өзге де қызметтiң мемлекеттiк экологиялық сараптамасының болуы





12

Балық шаруашылығын жүргізу Жоспарын бақылау субъектісінің орындауы





13

Тексерілетін субъектінің балық шаруашылығын жүргізу және балық аулау Шартында көрсетілген міндеттемелер мен тармақтарды орындау





14

«Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен тіркелген және тіркеу нөмірлері көрсетілген жүзу құралдары





15

Балықтың қайда ауланғаны туралы анықтаманың болуы





16

Балық қыстайтын шұңқырлардың, уылдырық шашатын жерлердiң, балық шаруашылығы учаскелерiнiң және балық аулауға тыйым салынған жерлердiң шекараларын белгiлейтiн бағандардың, қалқыма тану белгілерiн жоюға жол бермеу





Лауазымды адам(дар)________ _____ ___________________________________
                       (лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
                        ________ _____ ___________________________________
                       (лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Тексерілетін субъектінің басшысы______________________________ ______
                      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) лауазымы) (қолы)

Қазақстан Республикасы   
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушының    
2015 жылғы 13 шілдедегі  
№ 18-04/647 және     
Қазақстан Республикасы  
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 20 шілдедегі 
№ 539 бірлескен бұйрығына
3-қосымша       

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің және
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің
кейбір бірлескен бұйрықтарының күші жойылды деп танылған
бұйрықтардың тізімі.

      1) «Балық және басқа су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану аясындағы жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2011 жылғы 14 қыркүйектегі № 16-02/519 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. 2011 жылғы 16 қыркүйектегі № 308 бірлескен бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актілердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 7245 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2011 жылғы 16 қарашадағы № 543-547 (26939) санында жарияланған);
      2) «Балық және басқа су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану аясындағы жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2011 жылғы 14 қыркүйектегі № 16-02/521 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. 2011 жылғы 16 қыркүйектегі № 309 бірлескен бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актілердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 7244 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2011 жылғы 16 қарашадағы № 543-547 (26939) санында жарияланған);
      3) «Жануарлар дүниесін (балықтан және басқа су жануарларынан өзге) қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы жеке кәсіпкерлік бойынша тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері мен тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2011 жылғы 5 тамыздағы № 25-03-02/459 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. 2011 жылғы 12 тамыздағы № 238 бірлескен бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актілердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 7150 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 10 сәуірдегі № 138-142 (27215) санында жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады