Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 18-04/1126 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 808 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 желтоқсанда № 12657 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 494 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 95 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 07.12.2018 № 494 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 07.12.2018 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 86-бабының 2-тармағы 2) тармақшасына, 141-бабының 2 және 3-тармақтарына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану аясында тексеру парағы бекітілсін.

      2. "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2015 жылғы 13 шілдедегі № 18-04/647 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 539 бірлескен бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актілердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11925 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 2 қазанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
__________ А. Мамытбеков

Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_________________ Е. Досаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының Құқықтық

      статистика және арнайы есепке алу

      жөніндегі комитетінің төрағасы

      ____________________С. Айтпаева

      2015 жылғы 29 желтоқсан



  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 18-04/1126 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 808 бірлескен бұйрығына
1-қосымша

Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану
саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары

      1. Осы Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі - Өлшемшарттары) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 3-тармағына, "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және тексерілетін субъектінің тiкелей қызметiмен, салалық даму ерекшелiктерiмен және осы дамуға әсер ететiн факторлармен байланысты тексерілетін субъектілерді әртүрлі тәуекел дәрежелеріне жатқызуға мүмкiндiк беретiн сандық және сапалық көрсеткiштердiң жиынтығы болып табылады.

      2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) бақылау субъектілері – жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын субъектілер;

      2) елеулі бұзушылықтар - жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптардың, аншлагтардың болмауы, есептілік беру мерзімдерін бұзу немесе ұсынбау, арыз-шағымдар мен өтініштердің болуы, Даму жоспарын және құралдарды, материалдық-техникалық жарақтауды, өсімін молайтуды және ғылымды жоспарлау бойынша шарттардың орындалуын бұзу;

      3) болмашы бұзушылықтар - жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарды, "Ішкі су көлігі туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен тіркелген және тіркеу нөмірлері көрсетілген жүзу құралдарының болмауы бөлігінде бұзу;

      4) өрескел бұзушылықтар - жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптардың, зоологиялық коллекцияларды жинау тәртібін сақтамау, белгiленген лимиттер мен мерзімдерді сақтамау, балық қорғау құрылғыларына қойылатын талаптардың сақталмауы, бағандардың, қалқыма тану белгілерiнің жойылуына немесе бұзылуына жол беру, қолайсыз оқиғалардың болуы, ауланған жануарларды есепке алу журналының болмауы, Шарттарда, сондай-ақ Жоспарларда көрсетілген міндеттемелердің орындалмауы;

      5) тәуекел – салдарларының ауырлық дәрежесі ескеріле отырып, бақылау субъектілері қызметінің нәтижесінде жануарлар дүниесіне зиян келтіру, аңшылық шаруашылығы, балық шаруашылығы су айдындарындағы (учаскелеріндегі) экологиялық жағдайдың нашарлауы және биологиялық тепе-теңдіктің бұзылу ықтималдығы;

      6) тәуекел дәрежесін бағалау – тексеру белгілеу және жүргізу мақсатында бақылау және қадағалау органы өткізетін іс-шаралар кешені.

      3. Өлшемшарттар:

      1) тексеру субъектілері жүзеге асыратын қызмет түріне байланысты айқындалатын - объективті;

      2) тексерулер нәтижелері бойынша анықталған, бақылау субъектілері жол берген жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнама бұзушылықтарына байланысты айқындалатын - субъективті болып бөлінеді.

      4. Бақылау субъектілері объективті өлшемшарттар бойынша мынадай тәуекел топтарына жатқызылады:

      1) тәуекелдің жоғары дәрежесіне – аңшылық шаруашылығымен, сондай-ақ ауыл шаруашылығының, өнеркәсіптің және энергетиканың мұқтаждығы үшін кәсіпшілік балық аулаумен және су алумен, ғылыми-зерттеу мақсатындағы аулаулармен айналысатын субъектілер;

      2) тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылмаған – жануарлар дүниесі объектілерін қоршауда және жартылай ерікті жағдайда бағып-күтумен, өсірумен айналысатын субъектілер, сондай-ақ азаматтарды аңшылық минимумына оқытумен айналысатын ұйымдар, зоологиялық коллекциялардың иелері, хайуанаттар бақтары, биологиялық орталықтар, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды ұйымдастырумен, табиғи су айдындарында акваөсірумен айналысатын субъектілер.

      Тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылған тексерілетін субъектілерге қатысты таңдамалы тексерулер, жоспардан тыс тексерулер және бақылаудың өзге нысандары жүргізіледі.

      Тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылмаған тексерілетін субъектілерге қатысты жоспардан тыс тексерулер және бақылаудың өзге нысандары жүргізіледі.

      5. Субъективті өлшемшарттар мына көздерден алынған ақпаратты талдау нәтижелері негізінде айқындалады:

      1) бақылау субъектілерінің алдындағы тексерулерін талдау нәтижелері;

      2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық инспекцияларына бақылау субъектілері беретін есептілік мониторингінің нәтижелері;

      3) бақылау субъектілеріне жеке немесе заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан түскен расталған арыз-шағымдар мен өтініштердің болуы және олардың саны;

      4) бақылау субъектілерінің кінәсінен туындаған, тіркелген қолайсыз оқиғалардың болуы.

      6. Субъективті өлшемшарттар осы Өлшемшарттардың 2-ші қосымшасына сәйкес анықталады.

      7. Реттеуші мемлекеттік органның тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына сәйкес субъективті өлшемшарттардың тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 100-ге дейінгі шкала бойынша есептелінеді.

      Бір өрескел бұзушылық болған жағдайда тексерілетін субъектіге 100 тәуекел дәрежесінің көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты таңдамалы тексеру жүргізіледі.

      Өрескел дәрежедегі бұзушылық анықталмаған жағдайда, тәуекел дәрежесінің көрсеткішін анықтау үшін елеулі және болмашы бұзушылықтар бойынша қосынды көрсеткіш есептеледі.

      Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:


– елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

– елеулі бұзушылықтардың жалпы саны;

– анықталған елеулі бұзушылықтардың саны;

      Болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:


– болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;

– болмашы бұзушылықтардың жалпы саны;

– анықталған болмашы бұзушылықтардың саны;

      Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (

) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мына формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы анықталады:


      мұндағы:


– тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;

– елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

– болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.

      8. Тексерілетін субъекті (объект) тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша келесідей бөлінеді:

      1) жоғары тәуекел дәрежесіне жататындар – көрсеткіші 60-тан 100-ге дейін болған жағдайда, оған қатысты таңдамалы тексеру жүргізіледі;

      2) жоғары тәуекел дәрежесіне жатпайтындар – көрсеткіші 0-ден 60-қа дейін болған жағдайда, оған қатысты таңдамалы тексеру жүргізілмейді.

      9. Таңдамалы тексерулер тізімдері мынаны ескере отырып жасалады:

      1) субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің ең көп көрсеткіштері бар бақылау субъектілерінің басымдылығы;

      2) бір мемлекеттік инспекторға жүктеме.

      10. Таңдамалы тексеруді жүргізу еселігі жылына бір реттен жиі болмайды.

      11. Таңдамалы тексерулер реттеуші мемлекеттік органның немесе жергілікті атқарушы органның бірінші басшысы бекіткен жүргізілген талдау және бағалау нәтижелері бойынша жартыжылға жасалатын таңдамалы тексерулер тізімдері негізінде жүргізіледі. Таңдамалы тексерулер тізімдері құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға тиісті есепті кезең басталғанға дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмей жіберіледі.

      12. Таңдамалы тексерулердің тізімдері:

      1) субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші ең жоғары тексерілетін субъектілердің (объектілердің) басымдығы;

      2) мемлекеттік органның тексерулерді жүзеге асыратын лауазымды тұлғаларына түсетін жүктемелері ескеріле отырып жасалады.

  Жануарлар дүниесін қорғау,
өсімін молайту және пайдалану
саласындағы тәуекел дәрежесін
бағалау өлшемшарттарына
2-қосымша

Субъективті өлшемшарттар бойынша бақылау субъектілерінің
тәуекел дәрежесін бағалау және оларды тәуекелдің жоғары
тобына жатқызылатыны немесе жатқызылмайтыны төмендегі
көрсеткіштер бойынша жүзеге асырылады

Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары

Бұзушылық дәрежесі

1. Осының алдындағы тексерулердің нәтижелері (Бұл ретте, заң бұзушылықтың ауырлық дәрежесі төменде келтірілген талаптар сақтамаған жағдайда белгіленеді)

1

Аңшылық шаруашылығын жүргізу жоспарының болуы және оның орындалуы

Өрескел

2

Жануарлар дүниесін пайдалану үшін аңшылық шаруашылығы субъектісімен жасасқан Шарттың болуы

Өрескел

3

Ауланған жануарларды есепке алу журналының (кәсіптік журналы) болуы

Өрескел

4

Жануарларды ерiксiз немесе жартылай ерiктi жағдайларда ұстау тәртiбiн, сондай-ақ зоологиялық коллекцияларды сақтауы

Өрескел

5

Жоғалып кету қаупі төніп тұрған жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда жасау туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсаттардың болуы

Елеулі

6

Тексерілетін субъектінің Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнама талаптарын сақтауы

Өрескел

7

Аншлагтардың болуы

Елеулі

8

Жануарларды интродукциялауға, реинтродукциялауға және будандастыруға рұқсаттың болуы

Елеулі

9

Жануарлар дүниесi объектiлерiн белгiленген лимиттен асырып және жануарлар дүниесiн пайдалануға берiлген рұқсаттарда көрсетiлген мерзiмдерден тыс, сондай-ақ тыныштық аймақтарында аулауға жол бермеу талаптарын сақтау

Өрескел

10

Балық аулау және балық шаруашылығын жүргізу шарттарының болуы және орындалуы

Өрескел

11

Тіркелген және тіркеу нөмірлері көрсетілген жүзу құралдарының болуы

Болмашы

12

Балықтың қайда ауланғаны туралы анықтаманың болуы

Елеулі

13

Балық қыстайтын шұңқырлардың, уылдырық шашатын жерлердiң, балық шаруашылығы учаскелерiнiң және балық аулауға тыйым салынған жерлердiң шекараларын белгiлейтiн бағандардың, қалқыма тану белгілерiн жойылуына немесе бұзылуына жол бермеу талаптарын сақтау

Өрескел

14

Су тарту құрылыстарында балық қорғау құрылғыларының болуы

Өрескел

2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өрман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық инспекцияларына бақылау субъектілері беретін есептілік мониторингінің нәтижелері"

15

Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы қызмет бойынша есептілік беру мерзімдерін бұзу немесе ұсынбау

Елеулі

3. "Расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және олардың саны"

16

Аңшылық шаруашылығы мен балық аулау және балық шаруашылығын жүргізу қызметімен айналысатын бақылау субъектісіне бір расталған шағымның болуы

Елеулі

4. Бақылау субъектілерінің кінәсінен туындаған тіркелген қолайсыз оқиғалардың болуы

17

Қызметі нәтижесінде жануарлар дүниесіне зиян келтіру, аңшылық шаруашылығымен балық шаруашылығы су айдындарында (учаскелерінде) экологиялық жағдайдың ушығуы және биологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы түрінде байқалған бақылау субъектілерінің кінәсінен туындаған, тіркелген қолайсыз оқиғалардың болуы

Өрескел

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 18-04/1126 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 808 бірлескен бұйрығына
3-қосымша

Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану
аясындағы тексеру парағы

      Тексеру парағы

      ___________________________________________________________ саласында

      (Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабына сәйкес)

      _____________________________________________________________ қатысты

      (тексерілетін субъектілердің (объектілердің) біртекті тобының атауы)

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ____________________________

      _____________________________________________________________________

      Тексеруді тағайындау туралы акт______________________________________

      (№, күні)

      Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы _________________________

      _____________________________________________________________________

      Тексерілетін субъектінің (объектінің) (ЖСН), БСН ____________________

      _____________________________________________________________________

      Орналасқан мекенжайы ________________________________________________

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

6

1

Аңшылық шаруашылығын жүргізу жоспарының болуы және оның орындалуы





2

Жануарлар дүниесін пайдалану үшін аңшылық шаруашылығы субъектісімен жасасқан Шарттың болуы





3

Ауланған жануарларды есепке алу журналының (кәсіптік журналы) болуы





4

Жануарларды ерiксiз немесе жартылай ерiктi жағдайларда ұстау тәртiбiн, сондай-ақ зоологиялық коллекцияларды сақтауы





5

Жоғалып кету қаупі төніп тұрған жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда жасау туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсаттардың болуы





6

Тексерілетін субъектінің Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнама талаптарын сақтауы





7

Аншлагтардың болуы





8

Жануарларды интродукциялауға, реинтродукциялауға және будандастыруға рұқсаттың болуы





9

Жануарлар дүниесi объектiлерiн белгiленген лимиттен асырып және жануарлар дүниесiн пайдалануға берiлген рұқсаттарда көрсетiлген мерзiмдерден тыс, сондай-ақ тыныштық аймақтарында аулауға жол бермеу талаптарын сақтау





10

Балық аулау және балық шаруашылығын жүргізу шарттарының болуы және орындалуы





11

Тіркелген және тіркеу нөмірлері көрсетілген жүзу құралдарының болуы





12

Балықтың қайда ауланғаны туралы анықтаманың болуы





13

Балық қыстайтын шұңқырлардың, уылдырық шашатын жерлердiң, балық шаруашылығы учаскелерiнiң және балық аулауға тыйым салынған жерлердiң шекараларын белгiлейтiн бағандардың, қалқыма тану белгілерiн жойылуына немесе бұзылуына жол бермеу талаптарын сақтау





14

Су тарту құрылыстарында балық қорғау құрылғыларының болуы






      Лауазымды адам (дар) _______________________ ________________________

      (лауазымы) (қолы)

      ________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Тексерілетін

      субъектінің басшысы _________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) лауазымы)

      _______________

      (қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады