1. "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды және мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 10 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2526 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 ақпанда № 19 "Ақ жол" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1, 2-қосымшалары осы қаулының 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. "Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтүзбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;
3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурстарында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Х. Әбдірайымовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімінің міндетін атқарушы |
Е. Манжуов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
А.С. Мамытбеков
06 мамыр 2015 жыл
Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 75 қаулысына 1-қосымша |
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемі
Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 75 қаулысына 2-қосымша |