"Жамбыл облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру Қағидалары туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі №17-8 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облыстық мәслихатының 2015 жылғы 21 тамыздағы № 39-5 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 21 қыркүйекте № 2771 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облыстық мәслихатының 2019 жылғы 12 қарашадағы № 40-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Жамбыл облыстық мәслихатының 12.11.2019 № 40-3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағы 12-2) тармақшасына және "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 8 бабының 3 тармағына сәйкес Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Жамбыл облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру Қағидалары туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 17-8 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2032 болып тіркелген, 2013 жылғы 05 қарашасында №140 (17828) "Ақ жол" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      3-тараудың 7-тармағындағы "Атақ беру жылына облыстық деңгейде бесеуден асырмай, Тараз қаласы деңгейінде бесеуден асырмай, аудандық деңгейде жылына бес азаматтан асырмай берілуі мүмкін." деген сөздері "Атақ беру Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай жылына бір рет жүзеге асырылады. Атақ беру облыстың, Тараз қаласы мен аудандар деңгейінде бес азаматтан асырмай берілуі мүмкін." деген сөздерімен ауыстырылсын;

      3-тараудың 7-тармағындағы "7.1) Жамбыл облысының құрылғанына 75 жыл толуына және Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығына орай бір рет "Жамбыл облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағы облыс, аудан және Тараз қаласы деңгейінде оннан аспайтын азаматқа берілуі мүмкін." деген сөздері "7.1) Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығына, Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл, Қазақстан Республикасы Конституциясына 20 жыл, Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл толуына орай бір рет "Жамбыл облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағы облыс, Тараз қаласы және аудан деңгейінде жиырмадан аспайтын азаматқа берілуі мүмкін" деген сөздермен өзгертілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік-мәдени даму, қоғамдық және жастар ұйымдарымен байланыс және әйелдер істері мен отбасы-демографиялық саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың Облыстық мәслихаттың
      сессия төрағасы хатшысы
      А. Бәзіл Б. Қарашолақов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады