Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жамбыл облысының облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 29 желтоқсанындағы № 374 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2510 болып тіркелген, 2015 жылдың 14 наурызында "Ақ жол" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жамбыл облысының облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;
3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын
4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.Орынбековке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | К. Көкрекбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрлігі
Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы
М. Пішембаев
21 желтоқсан 2015 жыл
Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 304 қаулысына қосымша |