"Тарифті белгілеу туралы" Тараз қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 08 желтоқсандағы № 1145 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Тараз қалалық әкімдігінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 247 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 26 наурызда № 2588 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Тараз қаласының әкімдігінің 2016 жылғы 26 тамыздағы № 572 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Тараз қаласының әкімдігінің 26.08.2016 № 572 қаулысымен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына, "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 19 бабына сәйкес Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Тарифті белгілеу туралы" Тараз қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 08 желтоқсандағы № 1145 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2434 болып тіркелген, 2014 жылы 25 желтоқсанда № 175 "Ақ Жол" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      1 тармақта:
      "60" сандары "55" сандарымен ауыстырылсын.
      Қосымшаның 2 тармағы:
      "30" сандары "25" сандарымен ауыстырылсын;
      "55" сандары "50" сандарымен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Жақсылық Мырзабекұлы Сапаралиевке жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі Н. Календеров

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Тараз қалалық
      мәслихатының хатшысы
      Б. Нарбаев
      26 наурыз 2015 жыл

  Тараз қаласы әкімдігінің
2015 жылдың 26 наурыздағы
№ 247 қаулысына қосымша

Қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жол жүруде бірқатар санаттағы тұлғаларға жеңілдіктер

      1. Қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) тегін жүруге төмендегі санаттағы тұлғалардың құқығы бар:
      - Ұлы Отан Соғысының ардагерлері мен мүгедектері;
      - I топ мүгедектердің барлығына;
      - II топтағы зағип мүгедектер;
      - көп балалы аналар "Алтын алқа", "Күміс алқа", "Батыр ана", "I-ші дәрежелі Даңқты аналар", "II-ші дәрежелі Даңқты аналар";
      - Жамбыл облысының және Тараз қаласының құрметті азаматтары, облыс және қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері;
      - Ауған соғысының, Чернобыль Атом электростанциясы апатын жоюға қатысушылары мен мүгедектері және олардың жесірлері.
      2. Қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жеңілдікпен жүруге төмендегі санаттағы тұлғалардың құқығы бар:
      - бастауыш және жоғарғы сынып оқушыларына (1-11 сынып) – 25 теңге, оқушылардың айлық бірыңғай жүру билеті – 900 теңге;
      - жоғарғы және арнайы орта оқу орындарының студенттеріне – 50 теңге.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады