"Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 4 наурызда № 2550 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 421 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімдігінің 28.09.2018 № 421 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес Байзақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Байзақ ауданы әкімдігінің ветеринарлық бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. "Байзақ ауданы әкімдігінің ветеринарлық бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Дулат Әбенұлы Сұлтанбековке жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы Ә. Қилыбаев

  Байзақ ауданы әкiмдiгiнiң
2015 жылғы 23 қаңтардағы
№ 58 қаулысына қосымша

"Байзақ ауданы әкімдігінің ветеринарлық бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. "Байзақ ауданы әкімдігінің ветеринарлық бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

      2. Байзақ ауданы әкімдігінің ветеринарлық бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң мынадай ведомствосы жоқ:

      3. "Байзақ ауданы әкімдігінің ветеринарлық бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Байзақ ауданы әкімдігінің ветеринарлық бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. "Байзақ ауданы әкімдігінің ветеринарлық бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

      6. "Байзақ ауданы әкімдігінің ветеринарлық бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. "Байзақ ауданы әкімдігінің ветеринарлық бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен "Байзақ ауданы әкімдігінің ветеринарлық бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

      8. "Байзақ ауданы әкімдігінің ветеринарлық бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.

      9. Мемлекеттiк мекеменiң орналасқан жерi: 080100, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы, Қонаев көшесі №176 үй.

      10. Мемлекеттiк органның толық атауы - "Байзақ ауданы әкімдігінің ветеринарлық бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi.

      11. Осы Ереже "Байзақ ауданы әкімдігінің ветеринарлық бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң құрылтай құжаты болып табылады.

      12. "Байзақ ауданы әкімдігінің ветеринарлық бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң қызметiн қаржыландыру жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.

      13. "Байзақ ауданы әкімдігінің ветеринарлық бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен "Байзақ ауданы әкімдігінің ветеринарлық бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Байзақ ауданы әкімдігінің ветеринарлық бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

      14. "Байзақ ауданы әкімдігінің ветеринарлық бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң миссиясы: ветеринарлық саласындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру.

      15. Мiндеттерi:

      "Байзақ ауданы әкімдігінің ветеринарлық бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң негiзгi мiндетi халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау.

      16. Функциялары:

      1) облыстың жергiлiктi өкiлдi органына жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгiлеу туралы қағидаларын әзiрлеп, бекiту үшiн аудан әкiмдiгiне ұсыну;

      2) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;

      3) ветеринарлық (ветеринарлық-санитариялық) талаптарға сәйкес мал қорымын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастыру және оларды күтiп-ұстауды қамтамасыз ету;

      4) мүдделi тұлғаларға өткiзiлiп жатқан ветеринарлық iс-шаралар туралы ақпарат берудi ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

      5) ветеринарлық мәселелерi бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргiзу;

      6) жануарлар өсiрудi, жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiн, сондай-ақ ветеринарлық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндiру, сақтау және өткiзу жөнiндегi ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттiк комиссияларды ұйымдастыру;

      7) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;

      8) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың құнын иелерiне өтеу;

      9) аудан аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиiстi аумақтың бас мемлекеттiк ветеринарлық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша аудан әкiмдiгiнiң қаулысына сәйкес карантиндi немесе шектеу iс-шараларын ұйымдастыру;

      10) аудан аумағында жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөнiндегi ветеринарлық iс-шаралар кешенi жүргiзiлгеннен кейiн тиiстi аумақтың бас мемлекеттiк ветеринарлық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша аудан әкiмдiгiнiң қаулысына сәйкес шектеу iс-шараларын немесе карантиндi тоқтатуды ұйымдастыру;

      11) аудан әкiмдiгiне бекiту үшiн мемлекеттiк ветеринарлық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiне ветеринарлық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттiк ветеринарлық дәрiгерлер тiзiмiн ұсыну;

      12) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк шегiнде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринарлық саласындағы заңнамасын сақтауын мемлекеттiк ветеринарлық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      13) эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргiзу;

      14) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актiсiн беру;

      15) Қазақстан Республикасындағы ветеринарлық саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттiк ветеринарлық-санитариялық бақылауды және қадағалауды:

      iшкi сауда объектiлерiнде;

      жануарлар өсiрудi, жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiнде, сондай-ақ ветеринарлық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткiзу жөнiндегi ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);

      ветеринарлық препараттар өндiрудi қоспағанда, ветеринарлық саласындағы кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын адамдарда;

      экспортын (импортын) және транзитiн қоспағанда, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк шегiнде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсiру кезiнде;

      экспортты (импортты) және транзиттi қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкiн көлiк құралдарының барлық түрлерiнде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлерi бойынша;

      тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетiн, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;

      экспортты (импортты) және транзиттi қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi өсiретiн, сақтайтын, өңдейтiн, өткiзетiн немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндiрiстiк үй-жайларында және қызметiне жүзеге асыру;

      16) мал қорымдары (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi күтiп-ұстауға, өсiруге, пайдалануға, өндiруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткiзуге байланысты мемлекеттiк ветеринарлық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiн орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезiнде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезiнде зоогигиеналық және ветеринарлық (ветеринарлық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттiк ветеринарлық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

      17) жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттiк ветеринарлық-санитариялық бақылау және қадағалау актiсiн жасау;

      18) аудан аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринарлық iс-шаралар өткiзудi ұйымдастыру;

      19) уәкiлеттi орган бекiтетiн тiзбе бойынша жануарлардың аса қауiптi ауруларының, сондай-ақ жануарлардың басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшiн жеткiзу бойынша ветеринарлық iс-шаралардың жүргiзiлуiн ұйымдастыру;

      20) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру, ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi дерекқорды жүргiзу бойынша iс-шаралар өткiзудi ұйымдастыру;

      21) ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмiрлерiне қажеттiлiктi айқындап, аудан әкiмдiгiне ақпарат беру;

      22) ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринарлық есепке алып аудан бойынша жинақталған ақпаратты облыстың жергiлiктi атқарушы органына жолдау үшiн аудан әкiмдiгiне мәлiмет беру;

      23) аудан әкiмдiгiне жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының профилактикасы бойынша ветеринарлық iс-шаралар жөнiнде аудан әкiмдiгiне ұсыныс енгiзу;

      24) облыстың жергiлiктi атқарушы органына ұсыну үшiн профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тiзбесi туралы мәлiметтi аудан әкiмдiгiне беру;

      25) ветеринарлық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебiнен сатып алынған ветеринарлық препараттарды сақтауды ұйымдастыру;

      26) аудан әкiмдiгiне тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiгi аумағында ветеринарлық-санитариялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi ветеринарлық iс-шаралар туралы ұсыныс енгiзу;

      27) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау және Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк жаза қолдану;

      28) ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру;

      29) ветеринарлық саласындағы кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттауды ұйымдастыру және жүргiзу;

      30) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өкiлеттiктердi жүзеге асыру кiредi;

      31) Ведомствоның функциялары:

      32) жануарлардың аса қауiптi, жұқпалы емес және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринарлық iс-шаралар өткiзу;

      33) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiрудi жүргiзу;

      34) ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсетудi;

      35) жануарлардың аса қауiптi және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринарлық препараттарды тасымалдау (жеткiзу), сақтау, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiрудi жүргiзуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды тасымалдау (жеткiзу) бойынша қызметтер көрсетудi;

      36) құрылысын тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң жергiлiктi атқарушы органдарды ұйымдастырған мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын) күтiп ұстауды;

      37) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды;

      38) ветеринарлық есепке алу мен есептiлiктi жүргiзудi, ұсынуды;

      39) ветеринарлық анықтама берудi;

      40) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi дерекқорды жүргiзудi және одан үзiндi көшiрме берудi;

      41) биологиялық материалдың сынамаларын алуды және оларды ветеринарлық зертханаға жеткiзудi;

      42) ауру жануарларды санитариялық союға тасымалдау бойынша қызмет көрсетудi жүзеге асыру.

      17. Құқықтары мен мiндеттерi:

      1) жиналыстарды өткiзу тәртiбiн ұйымдастырады, аудан әкiмдiгiнiң отырыстарына қатысады;

      2) "Байзақ ауданы әкімдігінің ветеринарлық бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекеме қызметiнiң бұқаралық ақпарат құралдарына жария етiлуiн қамтамасыз етедi;

      3) "Байзақ ауданы әкімдігінің ветеринарлық бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актiлерiне, осы Ережеге сәйкес өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

3. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру

      18. "Байзақ ауданы әкімдігінің ветеринарлық бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне басшылықты "Байзақ ауданы әкімдігінің ветеринарлық бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.

      19. "Байзақ ауданы әкімдігінің ветеринарлық бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң бiрiншi басшысын Байзақ ауданының әкiмi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      20. "Байзақ ауданы әкімдігінің ветеринарлық бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң бiрiншi басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      21. "Байзақ ауданы әкімдігінің ветеринарлық бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемеciнiң бiрiншi басшысының өкiлеттiгi:

      1) мемлекеттiк мекеменiң жұмыс жоспарларын бекiтедi;

      2) мемлекеттiк мекеменiң атынан әрекет етедi;

      3) сенiмхаттар бередi;

      4) заңнамамен белгiленген тәртiпте мемлекеттiк мекеменiң қызметкерлерiн көтермелейдi және оларға тәртiптiк жаза бередi;

      5) өз құзыретi шегiнде бұйрықтар шығарады, қызметтiк құжаттарға қол қояды;

      6) мемлекеттiк мекеменiң iшкi еңбек тәртiбiн бекiтедi;

      7) мемлекеттiк мекемеде Қазақстан Республикасының "Мемлекеттiк қызмет туралы" Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      8) азаматтарды жеке қабылдауларды жүзеге асырады;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады;

      10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуына дербес жауапты болады.

      "Байзақ ауданы әкімдігінің ветеринарлық бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекеменiң бiрiншi басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      22. Бiрiншi басшы өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.

      23. "Байзақ ауданы әкімдігінің ветеринарлық бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiн Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бiрiншi басшы басқарады.

4. Мемлекеттiк органның мүлкi

      24. "Байзақ ауданы әкімдігінің ветеринарлық бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.

      "Байзақ ауданы әкімдігінің ветеринарлық бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекеменiң мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

      25. "Байзақ ауданы әкімдігінің ветеринарлық бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

      26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Байзақ ауданы әкімдігінің ветеринарлық бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату

      27. "Байзақ ауданы әкімдігінің ветеринарлық бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

6. "Байзақ ауданы әкімдігінің ветеринарлық бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi

      28. Байзақ ауданы әкiмдiгiнiң шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Байзақ ауданының ветеринарлық қызметi" мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорыны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады