Аса ауылдық округінің Аса ауылындағы көше атауын өзгерту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Аса ауылдық округі әкімдігінің 2015 жылғы 12 ақпандағы № 18 шешімі. Жамбыл облысының Әділет Департаметінде 2015 жылғы 11 наурызда № 2558 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және тиiстi аумақ халқының пiкiрiн ескере отырып ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Аса ауылдық округінің Аса ауылындағы Бәйтерек-4 көшесі Ақсай болып өзгертілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Аса ауылдық округі әкімінің орынбасары Е.Бозымбековке жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Аса ауылдық округінің әкімі

Б. Қалшымбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады