Жамбыл ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 18 тамыздағы № 44-6 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 18 қыркүйекте № 2767 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 31-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 07.12.2018 № 31-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Тақырыпка өзгерістер енгізілді - Жамбыл облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 19.02.2016 № 50-4 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңынын 6-бабына сәйкес, Жамбыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жамбыл ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтер қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Жамбыл облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 19.02.2016 № 50-4 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауы және әділет органдарында мемлекеттік тіркеу Жамбыл аудандық мәслихатының аумақтық әлеуметтік – экономикалық дамуы, бюджет және жергілікті салықтар мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл аудандық мәслихат Жамбыл аудандық
      сессиясының төрағасы: мәслихат хатшысы:
      А. Несіпбеков Р. Бегалиев

  Жамбыл аудандық мәслихатының
2015 жылғы "18" тамыз
№ 44-6 шешімінің қосымшасы

Жамбыл ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтер

      Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді - Жамбыл облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 19.02.2016 № 50-4 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Атауы

Теңге

1

Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және әкету тарифі



Жеке тұлғалар үшін 1 текше метрге

1200


Бір адамнан бір айға

150


Заңды тұлғалар үшін 1 текше метрге

1800

2

Тұрмыстық қатты қалдықтарды көму (полигонға орналастыру) тарифі



Жеке тұлғалар үшін 1 текше метрге

350


Заңды тұлғалар үшін 1 текше метрге

450


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады