Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына және "Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және Өрнек ауылындағы Жұма станциясында атауы жоқ көше тұрғындарының пікірін ескере отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Өрнек ауылдық округі Өрнек ауылының Жұма станциясындағы атауы жоқ көшеге "Көктөбе" атауы берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Өрнек ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман іс жүргізушісі Б. Қабыловқа жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Өрнек ауылдық округінің әкімі | Қ. Темешбаев |