Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарасаз ауылдық округінің Қарасаз ауылының төмендегі көшелерінің атаулары өзгертілсін:
Карл-Маркс көшесі - Бірлік;
Комаров көшесі - Нұрлыжол;
Ленин көшесі - Бейбітшілік.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарасаз ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы А.Б. Тұрсумбаевқа жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі | Қ. Бейсеқұлов |