Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және тиiстi аумақ халқының пiкiрiн ескере отырып ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Нұрлыкент ауылдық округіндегі Нұрлыкент ауылының төмендегі көшелерінің, бұрылысының және тұйығының атаулары өзгертілсін:
Натальевка көшесі – Атакент;
Победа көшесі – Жеңіс;
Молодежная көшесі – Жастар;
Первомайская көшесі – Достық;
Северная көшесі – Көктем;
Зеленая көшесі – Шапағат;
Новая көшесі – Болашақ;
8 Март көшесі – Наурыз;
Интернациональная көшесі – Ынтымақ;
Мир көшесі – Еламан Байғазиев;
Больничный тупигін – Мейірім тұйығына;
Школьный переулогін – Ақниет бұрылысына;
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Нұрлыкент ауылдық округі әкімінің орынбасары А. Кебеевке жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Нұрлыкент ауылдық | |
округінің әкімі | Ж. Мусрепбеков |