Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабының 1 тармағына және Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы №306 "Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесіне сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7232 болып тіркелген), аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Иманалиевке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Қ. Досаев |
Қордай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қарашадағы №478 қаулысына қосымша |
Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері
№ | Мекен-жайы | Төлем мөлшері (айына 1 шаршы метр үшін) |
1 | Қордай ауданы, Қордай ауылы, Жібек Жолы көшесі, №504 үй | 135 теңге |