Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына сәйкес және Қордай ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2014 жылғы 10 қарашадағы №02/272 ұсынысы негізінде ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ұсақ мүйізді малдарының бруцеллезден эпизоотиялық ошағының анықталуына байланысты Қақпатас ауылдық округі Қақпатас ауылының аумағына шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жамбыл облысы Қордай ауданы Қақпатас ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Дамир Серикович Кумбашевқа жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округінің әкімі | С. Естаев |
«КЕЛІСІЛДІ»
«Жамбыл облысы Ішкі істер Департаментінің
Қордай аудандық ішкі істер бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Б. Баймұхамбетов
2015 жыл «06» қаңтар
Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі
ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің
Қордай аудандық аумақтық инспекциясының басшысы
С. Баеков
2015 жыл «06» қаңтар
«Қордай ауданы бойынша тұтынушылар
құқығын қорғау басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
М. Саулебаев
2015 жыл «06» қаңтар