Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және тиісті елді мекен халқының пікірін ескере отырып ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Меркі ауылдық округі Меркі ауылының көшелеріне келесі атаулар берілсін:
Жаңа 1 көшесіне – Алатау атауы:
Жаңа 2 көшесіне – Шаңырақ атауы:
Жаңа 3 көшесіне-Самал атауы.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Меркі ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Н. Шакаровқа жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Меркі ауылдық округінің әкімі | Е. Қосуақов |