Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20 бабына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы №836 Қаулысымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесiне сәйкес Сарысу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес ұйымдардың тізбелері, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері бекітілсін, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс айқындалсын.
2. "Сарысу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Көкей Олжас Тұрғынұлына жүктелсін.
4. Осы қаулы әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi, оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi және 2016 жылдың 5 қаңтарынан туындайтын қатынастарға таралады.
Аудан әкімі | Б. Жайлыбаев |
Сарысу ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы "2016 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" №359 қаулысына келісім парағы
"КЕЛІСІЛДІ""Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігі Жамбыл облысының Ішкі істер
департаментінің Сарысу ауданының
ішкі істер бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
Қ. Қапаров
8 қаңтар 2016 жыл
"Қазақстан Республикасы Қорғаныс
министрлігінің Жамбыл облысы Жаңатас
қаласының Қорғаныс істері жөніндегі
біріктірілген бөлімі" республикалық
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Е. Бахтияров
8 қаңтар 2016 жыл
Сарысу ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 359 қаулысына қосымша |