Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12 бабының 5 – 1 тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2014 жылғы 12 желтоқсандағы қорытындысын және қала тұрғындарының ұсыныс – пікірлерін ескере отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қаратау қаласындағы "Подхозный көшесі – Мақұлбек Шерімұлы", "Котовский көшесі – Ықылас Дүкенұлы", "Привокзальный көшесі – Көшек батыр", "Коммунальный көшесі – Наурыз", "Первомайский көшесі – Мамыр", "Кольцевой көшесі – Таубөктері", "Яблочный көшесі – Таусамал", "Подгорный көшесі – Шолақтау", "Заречный көшесі – Талас" деп атаулары өзгертілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын қадағалау аудандық мәслихаттың "Тұрғындарды әлеуметтік – құқықтық қорғау және мәдениет мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссияның төрағасы Рашид Мадибекович Сейдалиевке және осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ғалым Тамабекұлы Қартабаевқа жүктелсін.
3. Осы бірлескен шешім мен қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Сессия төрағасы |
Б. Рысмендиев | Д.Е. Молдақұлов |
Мәслихат хатшысы | |
Ж. Әсемов |