Қаратау қаласындағы "Горная" көшесінің атауын өзгерту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Талас аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 25 қарашадағы № 487 қаулысы және Талас аудандық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы №49-9 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 15 қаңтарда № 2898 болып тіркелді

       РҚАО-ның ескертпесі.
       Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12 бабының 5 – 1 тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2014 жылғы 12 желтоқсандағы қорытындысын және тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қаратау қаласындағы "Горная – Әбдуан Момбеков" деп атауы өзгертілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын қадағалау аудандық мәслихаттың "Тұрғындарды әлеуметтік – құқықтық қорғау және мәдениет мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссияның төрағасы Рашид Мадибекович Сейдалиевке және осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ғалым Тамабекұлы Қартабаевқа жүктелсін.
      3. Осы бірлескен шешім мен қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Б. Рысмендиев
      Сессия төрағасы Х.Б. Джолдасов
      Мәслихат хатшысы Ж. Асемов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады