Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативтерін белгілеу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 106 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 17 наурызда № 2577 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына сәйкес Шу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативі қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың уәкілетті органдары жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 мамырына дейінгі мерзімде "Шу ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі-қаржы бөлім) алдағы үшжылдық кезеңге арналған аудандық бюджетке аударылуы тиіс таза табыстың бір бөлігінің болжамды сомаларын, сондай-ақ есепті жылы аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың аудандық бюджетке аударған таза табысының мөлшерін берсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы

Е. Өмірәлиев


Шу ауданы әкімдігінің
2015 жылғы "26" ақпандағы
№106 қаулысына қосымша

Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының
бір бөлігін аудару нормативі

      Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудандық бюджетке аудару нормативі келесідей айқындалады:
 
 

Таза табыс 3 000 000 теңгеге дейін
 

Таза табыс сомасынан 5 пайыз
 

Таза табыс 3 000 001 теңгеден 50 000 000 теңгеге дейін
 

150 000 теңге + 3 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 10 пайыз
 

Таза табыс 50 000 001 теңгеден 250 000 000 теңгеге дейін
 

4 850 000 + 50 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 15 пайыз
 

Таза табыс 250 000 001 теңгеден 500 000 000 теңгеге дейін
 

34 850 000 + 250 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 25 пайыз
 

Таза табыс 500 000 001 теңгеден 1 000 000 000 теңгеге дейін
 

97 350 000 + 500 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 30 пайыз
 

Таза табыс 1 000 000 001 теңге және одан жоғары
 

247 350 000 + 1 000 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 50 пайыз
 

   
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады