Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің 09.10.2017 № 352 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Шу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Жамбыл облысы Шу ауданының Шу қаласы, ауылдық округтер және ауылдар әкімі аппараттарының Ережелерін бекіту туралы" Шу ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 11 ақпандағы № 86 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2562 болып тіркелген, 2015 жылдың 21 наурызында № 26 (6459) "Шу өңірі" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ мынандай редакцияда жазылсын:
"Қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Жамбыл облысы Шу ауданының Шу қаласы, ауылдық округтер және ауылдар әкімі аппараттарының атаулары өзгеруіне байланысты Ережелері жаңа редакцияда бекітілсін".
2 тармақ мынандай редакцияда жазылсын:
"Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмысы және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімшесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының қайта мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін".
Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы міндетін атқарушы Ермахамбет Мамасаитұлы Юлдашбаевқа жүктелсін.Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Р. Дәулет |